Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасын таныстырған Денсауық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
«2030 жылға қарай қазақстан халқының саны 4,1 млн. адамға өсіп, 21,5 миллионға жететін болады. Бұл ретте халық құрылымы да айтарлықтай өзгеріске түсетін болады. Егер дамыған елдерде жалпы халық санындағы егде жастағы адамдардың үлесі 20-25 пайызды құрайтын болса, оларда медициналық-санитарлық көмекке бөлінетін бюджет қаржысы 30-дан 40 пайызға дейін жетеді», - деді ол.
Сонымен қатар миинстр біздің еліміздің халқының саны мен құрылымы 2030 жылға қарай өзгеретіндігі болжануда.
«Болжамға сәйкес 2030 жылға қарай егде жастағы адамдардың үлесі 2014 жылғы 6,9 пайыздан 11,2 пайызға жететін болады. Мұндай тенденция алғашқы аурулардың қазіргі құрылымы мен шығындар құрылымы сақталған жағдайда денсаулық сақтау саласына шығыстарды арттырады», - деді Т.Дүйсенова.
Оның сөзіне қарағанда, елімізде денсаулық сақтау саласына бөлінетін шығыстар тұрақты өсім көрсетіп отыр. Ол соңғы он жылда 131,2 млрд. теңгеден 824 млрд. теңгеге дейін арттырылды.
«Дегенмен де халықаралық тәуелсіз сарапшылар респубилкадағы денсаулық сақтау жүйесі қаржыландырылуының төмен деңгейін атап өтуде. Ол ЖІӨ-нің 3,8 пайызын құрайды. Оның ішінде мемлекеттік шығыстар үлесі ЖІӨ-нің 2,5 пайызына тең. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш 6-дан 12 пайызға дейінгі шекте», - деді министр.