Министрдің атап өтуінше, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасында су шаруашылығы саласындағы ресурстарды тиімді және үнемді қолдануды міндеттейді. Мұндағы мақсат - 2030 жылға қарай экономика мен халықтық қажеттіліктерін және табиғатты қорғауды қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық аймақтарында су тапшылығын толықтай жою.
«Негізі болжам бойынша Қазақстан және трансшекаралық су көздерін бізбен бөлісіп отырған елдер өздерінің экономикалық өсу қарқындарын сақтаса ұлттық деңгейдегі су тапшылығы 2030 жылға қарай 14 млрд. текше метрді құрайды», - дейді ол.