«Осы күні 16 өңірдің ішінде 10-ы газдандырылды. Негізінен, еліміздің барлық батыс және оңтүстік өңірлері мен Алматы қаласы газдандырылған», - деді ол.
Оның атап өтуінше, 2007-2013 жылдардың аралығында Қазақстандағы газдың тұтынуына жүргізілген талдау еліміздің нарықтың үдемелі өсуін көрсеткен. Осы кезеңде газ тұтыну өсімі 26 пайызды, ал орташа жылдық өсу қарқыны шамамен 4 пайызды құраған. 2030 жылға дейін тауарлық газды өндіру көлемі 60 млрд. текше метрге дейін жетеді.
«Оның 25 миллиардтайы жер қабатының қысымын ұстау үшін технологиялық қажеттілікке жаратылады. Соның салдарынан тауарлық газ өндіру көлемі 2030 жылға қарай 21 млрд. текше метрді құрайды деп есептеп отырмыз», - деді Ұ.Қарабалин.
Естеріңізге сала кетейік, Бүгін Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ миинстрі «Қазақстан Республикасын газдандырудың бас сызбасын бекіту туралы» тақырыбында баяндама жасаған болатын.