Жақында ЕАЭО-ға мүше елдердің энергетика және инфраструктура бойынша министрлері көліктік саясат жобасын талқылаған болатын. Жобаны жасау бойынша жұмыс 2015 жылдың 1 шілдесіне таман аяқталады.
«Келісімде көліктік саясат жобасы жоғары экономикалық кеңесте бекітілуі керек деп көрсетілген. 2015 жылдың 1 шілдесінде біз осы жұмысты тәмамдаймыз. Сол жылы мемлекет басшыларының назарына ұсынатын боламыз», - деді Д.Ахметов.
«Біздің пайымдауымызша, жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңі 2020 жылы аяқталады. 2030 жылы көліктік саясаты мына сандармен бедерленеді. Көліктік интеграциядан түсетін ЖІӨ көлемі Қазақстанда - 0,7%-ға, Беларусь елінде 1,1 %-ға артады», - деді ол.
ЕЭК-тегі Қазақстан өкілі транспорттық коммуникацияны дамытуға басқаша көзқарас қалыптасатынын жеткізді.
«Көлік саясатында даму алдымен күретамыр жолдарда болу керек. Бұл тек қана бір пункт пен екіншісін қосатын жол ғана емес, өндірістік инфрақұрылымды қамтамасыз ететін көлік магистралі жүйесі болуы шарт», - деп қорытындылады Д.Ахметов.