«2030 жылдан бастап электронды карта РФ азаматын куәліктендіретін жалғыз құжат ретінде болады»,-деді шенеунік.
Аталған картада фотосурет, азаматтың аты-жөні, сондай-ақ арнайы чипте мекен-жайы туралы ақпарат бекітіледі. Мұнымен қоса онда сақтандыру нөмірі, сандық қолтаңба белгіленеді және саусақ іздері үшін де орын болуы мүмкін.
Федаралды көші-қон қызметі басшысының сөзінше, төлқұжаттың орнына электронды карталарды шығару 2016 жылдың 1 қаңтарынан басталады екен.