«Атырау қаласы құрылысының бас жоспары дайындалды. Алдын ала болжам бойынша, 2030 жылы тұрғындар саны облыс орталығында 350 мың адамға жетеді. 2015 жылғы есеп бойынша тұрғындар саны 314 мың болған. Бас жоспар бойынша, қала маңындағы ауылдарды қоса алғанда, Атыраудың жалпы аумағы үш есеге артып, 46 мың гектарды құрайды. Облыс орталығы 16 шағын аудандарға бөлінеді»,-деді Орынбасаров.
Ол сонымен қатар, 2030 жылға қарай қалаға бүгінгі қолданыста бар нысандардан бөлек 83 балабақша, 45 орта мектеп, 20 емхана және 5 клиникалық емхана ғимараттарын салу керек болатындығын айтты.