Оның атап өтуінше, бүгін Үкімет отырысында қарастырылған Қазақстан Республикасын газдандырудың бас сызбасында ішкі нарықтағы газ тұтынуы көлемі қазіргі 11 млрд. текше метрден 2030 жылға қарай 18 мрлд. текше метрге дейін өсетіндігі көрсетілген. Газ тұтыну көлемі ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы жобаларын іске асыру есебінен арттырылады.
«Ал енді газдандырылған елді мекендер бүгінгі 988-ден 1621-ге жетеді. Абоненттердің саны бүгінгі таңдағы 1 млн. 400 мыңнан 2 млн. 900 мыңға дейін жетеді деп отырмыз. Әрбір ортбасында орта есеппен 4 адам болғанда, қазіргі 5,6 млн. адамнан 2030 жылы 12 млн. адамға дейін газдандырылады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, жаңа газ құбырлары салынып, қазіргі ұзақтығы 28 мыңнан 57 мың шақырымға дейін жеткізіледі.
«Ал 2030 жылы Қазақстан тұрғындарының газбен қамтылуы ағымдағы 32 пайыздан 56 пайызға дейін жетіп, 13 облыс газдандырылатын болады», - деді Ұ.Қарабалин.