— 2040 жылға қарай қуаты 10 млн тонна мұнай өңдейтін ірі зауытты іске қосып, өңдеу қуатын 30-дан 40 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Жаңа зауыттың өңдеу тереңдігі — 95 пайыз, — деді ол.
Осы арқылы Қазақстан ішкі нарықтағы тапшылықты жойып қана қоймай, экспортқа өнім шығармақ.
— Бұл жобаларды жүзеге асыру ішкі нарықтың жанар-жағармай материалдарына өсіп келе жатқан сұранысын 100 пайыз қамтамасыз етіп, мұнай өнімдерін көршілес елдерге экспорттауға мүмкіндік береді, — деді Ерлан Ақкенженов.
Еске салсақ, Қазақстан Үкіметі 2025–2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамытудың ұзақмерзімді тұжырымдамасын бекіткен болатын.