«Болашақта аса күрделі мәселе туындауы мүмкін - техникалық прогресс дамыған әлемнің денсаулық көрсеткіші нашарлайды» - делінген мақалада.
Адамзат тарихында ғылым мен медицина дамып, өмір сүру ұзақтығы да өскен еді. Қазіргі таңда адамдар 60 жастан аса өмір сүріп жатыр. Ал, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 80 жасты құрайды.
Зерттеуге сәйкес, АҚШ 2040 жылы ұзақ өмір сүретін елдер тізімінде 44-тен 46-шы орынға түсуі мүмкін. Бірінші орынға Испания шығып, қазіргі көшбасшы Жапония екінші орынға сырғиды.
Бұл өзгеріс АИВ мен Альцгеймер, диабет, бүйрек қызметінің бұзылуы аурулары салдарынан туындайды.