2050 жылдан кейін Еуропаға су басу қаупі төніп тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 ғасырдың екінші жартысынан кейін Еуропа елдерін су басу қаупі төніп тұр. Мұндай қорытындыға бельгиялық ғалымдар келіп отыр.

Брюссель Еркін университетінің профессоры Жан-Паскаль Ван Иперселенің пайымынша, Ұлыбританияның басына үйірген таяудағы табиғи апаттар мен осыдан 35 жылдан кейін орын алуы мүмкін табиғи тосын жайттардың арасында тікелей байланыс бар.

Сонымен қатар, ғалымдар Атлантикадағы жылымық пен еуропалық елдердегі жылы қыс, мол жауын-шашын және құрғақ әрі ыстық жаздың арасындағы байланысты анықтаған. Бұл ретте ғалымдар Еуропаның су астына кетуіне мол түскен жауын-шашын мен әлемдік мұхиттардағы су көлемінің артуы ықпал ететіндігіне сенімді.

Сондықтан да ғалымдар бірқатар елдердегі экономикалық ахуалға тікелей әсері болатын орын алуы мүмкін табиғи өзгерістерге қазірден бастап дайындалуға шақыруда.

«Қазірдің өзінде Ұлыбритания сұмдық жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Су тасқыны мен дауылдың салдарынан екі адам қаза тапты. Мемлекеттің оңтүстік-батыс бөлігінде табиғи апат турасында хабарландыру таратылды әрі жағдайдың жақсарғандығы байқалар емес», - делінген Vladtime.ru сайтында.