2050 жылға қарай Қазақстанда қалада тұратын халықтың үлесі 70 пайызға жетуі тиіс - Б.Жәмішев

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның аумақтық саясаты саласында 2050 жылға қарай қала халқының үлесі 70 пайызға жетуі тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Қазақстанның аумақтық саясаты саласында 2050 жылға қарай қала халқының үлесін 70 пайызға, яғни, Австралия, Канада сынды географиялық сипаттамалары ұқсас дамыған мемлекеттердің деңгейіне дейін ұлғайту қажет», - деді Б.Жәмішев.

Бұл ретте министрдің атап өтуінше, ел халқының 35 пайыздан астамы халық саны 2 миллионнан асатын қалаларда тұруы тиіс.

«Урбанизация Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді ол.