БҰҰ сайтында жарияланған құжатта 2015 жылы халықаралық мигранттар мен босқындар саны 244 млн адамға жеткені атап өтіледі. Бұл 71 млн немесе 2000 жылмен салыстырғанда, 41 пайызға көп.
БҰҰ бас хатшысы соғыс, адам құқығының бұзылуы, экономикалық дағдарыс, климаттың өзгеруі, табиғи апаттар адамдардың өз үйлерін тастап қашуына соқтырып жатқандығын атап өткен.
«Болжам бойынша, әлем халқы келешекте арта түседі, яғни 2050 жылы 9,7 млрд адам болады. Күллі әлем халқы құрамындағы халықаралық мигранттар үлесі тұрақты болған жағдайда 2050 жылы олардың саны 321 млн адамға жетеді», - делінген баяндамада.