«Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан министрліктерінің басшылары мәдени-гуманитарлық саладағы өзара-іс қимылдың бағыттарын және жай-күйін, сондай-ақ көп жақты ынтымақтастықтың күнтәртібіндегі басқа да тақырыптарды талқылайды», - делінген хабарламада.
ШЫҰ-ға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжістан және Өзбекстан кіреді. Беларусь, Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан мен Ауғанстан бақылаушы мәртебесі берілген. 2015 жылы ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанды ұйымға қабылдау рәсімі іске қосылған. ШЫҰ кезекті саммиті 23-24 маусымда Ташкент қаласында өтеді. Қазір саммиттің төрағалығы Өзбекстанға жүктелген.