21-22 желтоқсан күндері Астанада Шығыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - 21 және 22 желтоқсанда елордада Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасынан хабарлады.

21 желтоқсанда Астанада қалалық әкімдіктің алдындағы орталық алаңда арнайы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, онда келушілер Шығыс Қазақстан өңірінің тауарлары - бал мен бұғы мүйіздерінен жасалған өнімдерді сатып ала алады. Бал мен ара шаруашылығының өнімдерін сату 37 сауда орнында ұйымдастырылады.

Алаңға ет, сүт, шұжық, нан, кондитерлік өнімдерді, өсімдік майын, жармалар, сондай-ақ, ұлттық тағамдар - қымыз, тары, құрт сататын 126 шатыр орнатылады.

Өнімдер нарықтық бағадан 20-30% арзан сатылады.