21 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 21 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызы бар шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Астана қаласының білім беру жүйесін дамыту» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

10.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Рухани шыңына жету жолында: Жапония өнері» атты көрме ашылады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева; Оқу-ағарту министрлігі Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

19.00-де Жастар театрында танымал актер Дәурен Серғазиннің режиссерлігімен «Күйеу бала» драмасы қойылады.