21 ақпан. Тұлғалар туған күн
Kazinform оқырман назарына 21 ақпанға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.
57 жыл бұрын (1969) Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласындағы филиалының меңгерушісі Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ дүниеге келді.
Мойнақ қаласында (Қарақалпақстан) туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1995).
Еңбек жолы: 1995-1996 жылдары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері, 1996-1999 жылдары «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі, 2000 жылы «Алтын Орда» тәуелсіз апталығы бас редакторының орынбасары, 2000 жылы Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы болып қызмет етті.
Қазіргі қызметін 2025 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) және «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері (2003).
55 жыл бұрын (1971) «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Олжабайқызы ЖҮНІСОВА дүниеге келген.
Целиноград қаласында туған. Семей технологиялық институтын «экономист» мамандығы бойынша (1991), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша (2007) бітірген.
Еңбек жолы: 1996-2006 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері болды. 2006-2009 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «БТА банк» АҚ бренд офисінің директоры, 2009-2010 жылдары «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылы «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры, 2010-2012 жылдары «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры болды. 2012-2018 жылдары «Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2018-2022 жылдары «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры болды.
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
48 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулы Дмитрий Леонидович МИХНО дүниеге келді.
1999 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «математика пәнінің мұғалімі, инженер-бағдарламашы» мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы халықаралық қатынастар саласындағы маманы Қазақстан Республикасы СІМ дипломатия академиясын бітірді. 2011 жылы «мемлекеттік және муниципалды басқару» маманы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірді.
Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары ҚР СІМ Экономикалық саяси департаментінің референті, 2002 жылы ҚР СІМ Инвестиция комитетінің Азия және Африка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің атташесі, 2002-2005 жылдары ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі, III, II хатшысы; 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің II хатшысы; 2007-2008 жылдары ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің кеңесшісі, басқарма басшысы; 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, 2011-2014 жылдары ҚР СІМ- Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары, 2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі болып қызмет атқарған. 2019 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары, 2019-2021 жылдары ҚР Президенті Протокол басшысының орынбасары қызметінде болды. 2021-2023 жылдары — ҚР Президенті Протокол қызметінің бастығы.
Қазіргі қызметін 2023 жылдан бастап атқарып келеді.
109 жыл бұрын (1917-2011) қазақ театр және кино актрисасы, ССРО халық әртісі Хадиша Бөкейқызы БӨКЕЕВА дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталовка ауылында туған. Ата-анасынан ерте айрылып, балалар үйінде тәрбиеленген.
Санкт-Петербург театр өнері институтын бітірген соң (1938), Шымкент облысының драма театрын ашқан. Осы театрда Еңлік (М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде»), Ақтоқты (Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында»), Людмила (А. Островскийдің «Кешіккен махаббатында») сияқты рөлдермен көрермен назарын аударған.
Бөкеева 1942 жылы Шекспирдің «Асауға тұсауындағы» Катаринаны ойнау үшін Алматыға Қазақ драма театрына шақырылды. 1938-1942 жылдары Шымкент облысы қазақ драма театрының әртісі, 1942 жылдан өмірінің соңына дейін М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі болған. 1965 жылдан бастап ұстаздық қызметін атқарды.
1946 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1952 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1957 жылы Қазақстанның халық әртісі (Қазақ КСР халық артисі), 1959 жылы КСРО-ның ең жоғарғы Ленин ордені берілді. 1964 жылы КСРО халық әртісі, 1974 жылы профессор, 1987 жылы «Халықтар достығы» орденімен, 2000 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Отан» орденімен марапатталды.
31 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау қызметі бөлімі меңгерушісінің орынбасары Бауыржан Бейбітұлы ЕРАЛЫ дүниеге келді.
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бурный ауылында туған. 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Кеден ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша магистр дарежесін алды. 2020 жылы М. Х. Дулати атындағы КЕАҚ Тараз өңірлік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2018-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы болып бастаған. 2019 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төраға хатшылығы басқармасының сарапшысының м. а., 2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Заң басқармасының сарапшысы, 2020-2021 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Ахуалдық орталық» басқармасының сарапшысы, 2021 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Ахуалдық орталық» басқармасының сарапшысы, кейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасының бас сарапшысы, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің Төраға хатшылығы басқармасының бас сарапшысы болып қызмет атқарды. 2021-2022 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасының бас сарапшысы, 2022 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасының бас сарапшысы, 2022-2023 жылдары «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-нің басшысының орынбасары, 2023-2025 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі болып қызмет атқарған.
Қазіргі лауазымын 2025 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.