21 ақпан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 21 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат өз оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

10 6 жыл бұрын (1917-2011) қазақ театр және кино актрисасы, ССРО халық әртісі Хадиша Бөкейқызы БӨКЕЕВА дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталовка ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылып, балалар үйінде тәрбиеленген.

Санкт-Петербург театр өнері институтын бітірген соң (1938), Шымкент облысының драма театрын ашқан. Осы театрда Еңлік (М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде»), Ақтоқты (Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында»), Людмила (А. Островскийдің «Кешіккен махаббатында») сияқты рөлдермен көрермен назарын аударған.

Бөкеева 1942 жылы Шекспирдің «Асауға тұсауындағы» Катаринаны ойнау үшін Алматыға Қазақ драма театрына шақырылды. 1938-1942 жылдары Шымкент облысы қазақ драма театрының әртісі, 1942 жылдан өмірінің соңына дейін М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі болған. 1965 жылдан бастап ұстаздық қызметін атқарды.

1946 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1952 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1957 жылы Қазақстанның халық әртісі (Қазақ КСР халық артисі), 1959 жылы КСРО-ның ең жоғарғы Ленин ордені берілді. 1964 жылы КСРО халық әртісі, 1974 жылы профессор, 1987 жылы «Халықтар достығы» орденімен, 2000 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Отан» орденімен марапатталды.


5 7 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Айгүл Қабдешқызы НҰРКИНА дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді (1987). Заңгер, отбасы құқығы, экологиялық құқық, адвокаттық қызмет бойынша маман.

Университет бітіргеннен кейін Павлодар қаласы Индустриялық аудандық атқару комитетінің әлеуметтік қамсыздандыру инспекторы (1990-1993); Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының Павлодар филиалында директордың өндiрiстiк практика жөніндегі орынбасары, кейіннен оқытушы (2000-2004) болып жұмыс істеді. 2001-2004 жылдары негізгі мақсаты халыққа тегін заңгерлік консультациялық көмек көрсету, халықтың осал топтарына заңгерлік және адвокаттық қолдау көрсету болып табылатын «ЗАҢГЕР» қоғамдық қорын құрып, оны басқарды. 2004 жылы «Асар» республикалық партиясы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының хатшысы (2004-2006) болып тағайындалды. 2006 жылы «Нұр Отан» ХДП (қазіргі «AMANAT») Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2006-2011) болып тағайындалды. 2007 жылы Павлодар облыстық мәслихатының депутаты (2007-2011) болып сайланды. V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012-2016); VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (2016-2021). Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІІ шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (2021-2023).

«Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.


52 жыл бұрын (1971) «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Олжабайқызы ЖҮНІСОВА дүниеге келген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» ҰТА-да бастаған. 2002 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма мүшесі, 2004 жылы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. 2006-2009 жылдары «БТА банк» АҚ бренд офисінің директоры, 2009 жылы «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры, 2010 жылдың желтоқсанынан «Евразия ОРТ» ЖШС бас директоры болды. 2011 жылдың қарашасынан 2016 жылдың қазан айына дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры болды (2018-2022).

2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.


45 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Президенті Протокол қызметінің бастығы Дмитрий Леонидович МИХНО дүниеге келді.

1999 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «математика пәнінің мұғалімі, инженер-бағдарламашы» мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы халықаралық қатынастар саласындағы маманы Қазақстан Республикасы СІМ дипломатия академиясын бітірді. 2011 жылы «мемлекеттік және муниципалды басқару» маманы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірді.

Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары ҚР СІМ Экономикалық саяси департаментінің референті; 2002 жылы ҚР СІМ Инвестиция комитетінің Азия және Африка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің атташесі; 2002-2005 жылдары ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі, III, II хатшысы; 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің II хатшысы; 2007-2008 жылдары ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің кеңесшісі, басқарма басшысы; 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі; 2011-2014 жылдары ҚР СІМ- Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары; 2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2019 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары; 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Протокол басшысының орынбасары.

Қазіргі қызметін 2021 жылдың шілде айынан бастап атқарып келеді.