Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жекеленген аймақтарда тұман байқалады. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында жел 17-22 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының таңертен және күндіз кей жерлерінде тұман байқалады, жекеленген аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.