Жаңа нұсқадағы телефонның құны - 59 еуро. Ол осы модельді қайта аңсап жүргендердің екінші телефоны болады деп болжауда.
«2000 жылы сатылымға шығарылған бұл телефон заманауи мобильді телефондар дәуіріне жол салды, қуаты ұзаққа жетеді және корпусы өте мықты», - деп жазды басылым.
Газеттің хабарлауынша, телефон 27 ақпан-2 наурыз күндері Барселонада өтетін Mobile World Congress кезінде жұртшылық назарына ұсынылады.