ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Әуезханұлы БЕКОВ дүниеге келді.
Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген.
1983-2001 жылдары Автожол басқармасының желілік-пайдалану басқармасы жол өндіріс зертханасының инженері, ҚазССР Автомобиль жолдары министрлігінің прорабы, бас инженері, «Жезқазғанжолдары» КК зертханалық сынақ өткізу бойынша бөлімінің басшысы, «Бүркіт» ЖШС ӨТБ басшысы, «Қазақавтожол» РММ бас маманы, 2001-2005 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрілігі автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитеті Автомобиль жолдары желісін дамыту және жол қозғалысының қауіпсіздігі басқармасының басшысы, 2005-2007 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрілігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешенінің құрылысы комитеті даму және пайдалану басқармасының басшысы, Көлік және коммуникация министрілігі Көлік инфрақұрылымының дамыту комитеті пайдалану, мобилизациялық дайындық, автожолдар даму және темір жол құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2008-2014 жылдары Көлік және коммуникация министрілігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарды.
Қазіргі қызметін 2019 жылғы ақпаннан бастап атқарып келеді.
«Құрмет» орденімен, «Ерең еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен; «Құрметті жолшы», «ТМД-ның құрметті жол құрылысшысы» құрметті төсбелгілерімен марапатталған.
63 жыл бұрын (1961) Қызылорда облысы кәсіподақтар бірлестігінің аумақтық төрағасы, VIІ шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Мақсұт Ыбрайханұлы НӘЛІБАЕВ дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын (1983); КСРО Ішкі істер министрлігінің Саратов жоғары курсын (1988); ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1995) бітірген, заңгер.
Еңбек жолы: Қызылорда қаласы ішкі істер бөлімінің бастығы, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаменті бастығы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Ақпараттық–талдау департаменті бастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық басқармасының бастығы – Тәртіптік кеңес Төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша басшысы лауазымдарында болды. 2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы. 2019-2021 жылдары Қызылорда облысы әкімінің экономикалық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
Қазіргі қызметінде – 2021жылдың шілдесінен.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен және өзге ведомстволық наградалармен марапатталған.
49 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысы Оңал Ботаұлы БЕКИЕВ дүниеге келді.
Алматы облысында дүниеге келген.
1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: ішкі істер органдарындағы қызметін 1998 жылы ҚР ІІМ қарасты МКҚД үкіметтік мекемелерді және дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі милиция Полкінің инспекторы лауазымынан бастаған. 1999-2015 жылдары ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарған. 2015-2018 жылдары Астана қаласы Мамандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, 2018 жылы Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР ІІМ Кадр жұмысы (саясаты) департаменті бастығының орынбасары, 2019 жылы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. 2019-2022 жылдары
Көліктегі полиция департаментінің бастығы лауазымында болды.
2022 жылдың қараша айынан бастап ҚР ІІМ аппаратының басшысы қызметін атқарады.
47 жыл бұрын (1977) ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасұлы ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, шетел университеттерінде оқыған.
1998-2007 жылдары банк жүйесінде жұмыс істеген. 2007-2011 жылдары ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің бағалы қағаздар нарығын, жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының стратегия және талдау бойынша бөлімшелерін басқарды. 2011-2018 жылдары ҚР Ұлттық банкінің Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті директорының қызметін атқарды. Әртүрлі жылдарда «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің (Биржалық кеңестің) мүшесі, Жалғыз акционердің өкілі ретінде «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту бағыты бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияда (соның ішінде қаржы нарығындағы Консультативтік комитет аясында) Қазақстан Республикасын (Ұлттық Банк) таныстыруда жұмыс атқарды. 2018-2019 жылдары «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы болды. 2019-2022 жылдары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарған.
Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың ақпанынан.
Мемлекеттік марапаттардың иегері, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен, III дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.
38 жыл бұрын (1986) Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы ДӘУЛЕТОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «филология», 2010 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің Жамбыл облысындағы департаментінің штаттан тыс іс жүргізушісі болып бастаған. 2008-2012 жылдары аталған департаменттің балалардың құқықтарын қорғау мониторинг және ақпараттық талдау қызметі бөлімінің бас маманы, бастығы, 2012-2014 жылы Жамбыл облысының балалар құқығын қорғау департаментінің мониторинг және ақпараттық талдау қызметі бөлімінің бастығы, 2014-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы,
2018-2023 жылдары Жамбыл облысы, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі қызметіне 2023 жылдың сәуір айында тағайындалған.
58 жыл бұрын (1966-2021) белгілі қазақстандық актер Фархат Нұрсұлтанұлы ӘБДІРАЙЫМОВдүниеге келген.
Алматы қаласында туған. Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген (1988), инженер-технолог.
2007 жылдан «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі. 1988 жылдан «Турист» мейрамханасының директоры, 1999 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) актері болды.
«Кімнің жаны нәзік болса» - Фархат («Мосфильм» - «Қазақфильм», 1996), «Фара» - Фара («Қазақфильм», 1999), «Застава» - Есірткі бароны («Мосфильм», 2005), «Хоккайдо полициясы» - мафия бастығы («Мосфильм», 2008), «Қызғылт түсті қоян туралы хикая» - Жайбархан («Қазақфильм», 2010), «Махаббат тәлкегі» - Жаттықтырушы (2010), «Тасадағы махаббат» - Сергей («Мосфильм», 2010), «Нағыз полковник» - Жандос («Мосфильм» - «Қазақфильм», 2010) және өзге де кинофильмдерге түскен. ҚР Бильярд спорты федерациясының вице-президенті (2001 жылдан). ҚР Кинематографистер одағының мүшесі (2005 жылдан). ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2003). РФ «Үздік актер» кинобасылымының бас жүлдегері (1996), XXI Халықаралық кинофестивалінің «Святой Георгий Победоносец» Гран-при жүлдегері (Мәскеу, 1999), «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» номинациясының иегері (2000).