Ақмола облысында жел 17-22 м/с-қа күшейеді, боран соғып, кей жерлерде ұйтқыған жел екпіні 30 м/с-қа жетеді. Алматы облысының жер-жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 17-22 м/с-қа жетеді. Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 18-23 м/с болып, кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде жел 18-33 м/с болып, екпіні 30 м/с-ке дейін жетеді. Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерде жел 17-22 м/с-қа дейін күшейеді, кейбір аймақтарында жел екпіні 30 м/с-қа жетуі мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейсе, түнде боранмен қоса ұйтқыған жел 25 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстанда, түнде Маңғыстау облыстарында бұрқасындатып, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтөбе, Қостанай облыстарының жер-жерлерінде боран соғып, жел 15-22 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстардың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с болады. Қызылорда облысының кейбір жерлерінде көктайғақ болады.
19:17, 20 Қаңтар 2014
21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - 21 қаңтар күні республика аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, жер-жерлерде қар, қатты жел мен боран соғады, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ орын алады, республиканың батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.