21 қараша. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 21 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform

Жанболат СӘРСЕНОВ, «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары

1961 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1985 жылы И.И.Мечников атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина академиясын, 2003 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық институтын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша, 2005 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1978 жылы Шымкент облыстық ауруханасында қызмет атқарды. 1987-1994 жылдары Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1994-1995 жылдары «Хром» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары, 1995-1998 жылдары «Best» ЖШС директорының орынбасары, 1998-1999 жылдары «Фирма Акцепт» ЖШС, 1999-2001 жылдары «МС Falcon» ЖШС бас директоры болды. 2002 жылы «Мұнай мен газды тасымалдау» ҰК» АҚ-ның атқарушы директоры әрі ақпараттық-талдау департаментінің директоры, 2002-2003 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның көлік инфрақұрылымы және сервистік жобалар жөніндегі атқарушы директоры қызметін атқарды. 2003-2004 жылдары «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ, 2004-2005 жылдары «ҚазРосГаз» АҚ бірлескен кәсіпорнының бас директоры, 2005 жылғы маусым-желтоқсан аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президенті аппаратының басшысы, 2005 жылғы желтоқсаннан 2012 жылғы қарашаға дейін «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы ЗТБ бас директоры болды. 2012 жылғы қарашадан 2016 жылғы мамырға дейін қауымдастық төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылғы мамырдан 2017 жылғы шілдеге дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы Фармацевтика, медицина өнеркәсібі және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы болды. 2017 жылы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің Маркетинг жөніндегі вице-президенті әрі Атқарушы комитетінің мүшесі болып тағайындалды.

2010 жылы «Құрмет» орденімен, 2015 жылы «Парасат» орденімен марапатталған. Сондай-ақ 2005 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», 2008 жылы «Астанаға 10 жыл», 2009 жылы «Атамекен» I дәрежелі, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» және 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарын алған.

Райымбек БАТАЛОВ, ҚР Президентінің кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Raimbek Group холдингінің негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы

1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1992-1998 жылдары «Райымбек» компаниясының бас директоры болды. 1998 жылдан бастап «Raimbek Group» ЖШС президенті. 2004 жылдан бері «Айналайын» сүтін, «Джуси» шырындарын және басқа да өнімдерді шығаратын Raimbek Food (Xinjiang) Co Ltd компаниясының президенті. 2007 жылдан бастап «Атамекен» одағы Ұлттық экономикалық палатасы басқармасының мүшесі. 2014 жылы Қазақстан Велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті қызметін атқарды.

Қазіргі қызметін 2026 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.

Думан ОСПАНОВ, Абай облысы әкімінің орынбасары

1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2000 жылы Семей мемлекеттік қаржы институтын қаржыгер-экономист мамандығы бойынша, 2006 жылы Павлодар қаласындағы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары Семей қаласындағы «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ-да кредиттеу жөніндегі маман болды. 2002-2010 жылдары банк құрылымдарында аудитор, кредиттеу жөніндегі маман және басшылық қызметтер атқарды. 2010-2012 жылдары Астана қаласындағы «Астана-Финанс» лизингтік компаниясы» АҚ басқармасының бастығы, 2012-2013 жылдары Шымкент қаласындағы «Өңірлік инвестициялық орталық» ЖШС бас директорының орынбасары болды. 2014-2016 жылдары «Астана-Финанс» лизингтік компаниясы» АҚ-да тәуекелдерді басқару қызметінің басшысы, проблемалық жобалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры қызметін атқарды. 2016-2021 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2021-2022 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарушы директоры, 2022-2025 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарушы директоры болды.

Қазіргі қызметін 2025 жылғы қазаннан бері атқарып келеді.

Қасымхан СЕНҒАЗЫЕВ, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы

1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін алғашқы әскери және дене шынықтыру даярлығы пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы «Қаржы академиясы» АҚ-да экономика және бизнес магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолы:2002-2005 жылдары Алматы облысы мен Алматы қаласындағы мектептерде мұғалім болды. 2005-2008 жылдары Алматы қаласындағы жекеменшік ұйымдарда қызмет атқарды. 2008-2011 жылдары Астана қаласы Білім басқармасына қарасты №21 орта мектептің, 2011-2013 жылдары №49 орта мектептің директоры болды. 2013-2016 жылдары Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, 2016 жылы Астана қаласының Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2016-2017 жылдары Астана қаласы Білім басқармасын басқарды. 2017-2021 жылдары Астана қаласындағы Политехникалық колледждің директоры болды.

Қазіргі қызметін 2021 жылғы желтоқсаннан бері атқарып келеді.

Дәурен ӨТЕПҚАЛИ, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы

1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2013-2016 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2010-2011 жылдары Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында үлестік құрылысты реттеу бөлімінің бас маманы, әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы, осы бөлім басшысының міндетін атқарушы қызметтерін атқарды. 2010-2013 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті. 2011-2012 жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде әкімшілік-құқықтық бөлімнің жетекші маманы, 2012-2013 жылдары осы бөлімнің басшысы болды. 2013-2015 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде әкімшілік-құқықтық бөлімнің басшысы болды. 2015-2018 жылдары Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімін, 2018-2019 жылдары лицензиялау және аттестаттау бөлімін басқарды. 2019-2020 жылдары Маңғыстау облысының қала құрылысы және жер бақылауы басқармасының лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы, 2020-2022 жылдары осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Маңғыстау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары болды.

Қазіргі қызметін 2022 жылғы мамырдан бері атқарып келеді.