10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде теміржол саласын дамыту және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері қаралады.
10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Қазақ лирикасы және Марфуға Бектемірова поэзиясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі «Есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары және «Дәрмек» операциясының нәтижелері туралы» онлайн форматта брифинг өткізеді.
14.00-де ҚР Ұлттық банкі Цифрлық теңге жобасының бірінші кезеңін іске қосуға арналған баспасөз мәслихатын ұйымдастырады.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, оның ішінде ҚР кәсіпорындарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы заңнаманы сақтау» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады. https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де №2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Полиция департаментімен бірлесіп, «Жатақхана» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді.
16.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, сатирик, ғалым, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері Аймұханбет Бейсембековтың «Фолиант» баспасынан шыққан «Қазақ сатирасының антологиясы», «Сақ-сақ күлген сатира» атты кітаптары таныстырылады.
19.00-де «Астана Опера» театрының үлкен залында Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына арналған Қазақстан композиторларының вокалдық-симфониялық шығармаларынан салтанатты концерт өтеді.
19.00-де «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық орталығында «Арғымақ» фильмінің жабық көрсетілімі болады.
19.00-де «Астана балет» театрында әлемдік балет жұлдыздарының қатысуымен «FREEDOM BALLET» кеші ұсынылады.