21 қараша. Тұлғалар туған күн

Фото: Фото: Kazinform/ Midjourney

Бүгін, 21 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

63 жыл бұрын (1961) «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат Жәкиұлы СӘРСЕНОВ дүниеге келді.

Фото: inbusiness.kz/Мария Матвиенко

Шымкент қаласында туған. И.И.Мечников атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина академиясын (1985), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық институтын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (2003), Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген (2005).

Еңбек жолы: Шымкент облыстық ауруханасының қызметкері (1978); Аймақтық патология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері (1987-1994); МП «Хром» бас директорының орынбасары (1994-1995); «Бест» ЖШС директорының орынбасары (1995-1998); «Фирм Акцепт» ЖШС бас директоры (1998-1999); «MS Falcon» ЖШС бас директоры (1999-2001); «Мұнай және газ көлігі» Ұлттық компаниясы» АҚ ақпараттық-талдау департаментінің атқарушы директоры-директоры (2002); «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ көлік инфрақұрылымы және сервистік жобалар жөніндегі атқарушы директоры (2002-2003); «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ бас директоры (2003-2004); «КазРосГаз» АҚ бас директоры (2004-2005); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Президентінің аппарат басшысы (2005); «KazEnergy» Мұнай-газ-энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» АҚ бас директоры (2005-2012); «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары (2012-2016); «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының Фармацевтика, медициналық өнеркәсібі және медициналық қызмет көрсету комитетінің төрағасы (2016-2017); Маркетинг жөніндегі вице-президент – Дүниежүзілік мұнай кеңесі (WPC, World Petroleum Council) Атқарушы комитетінің мүшесі (2017).

«Құрмет» орденімен (2010); «Парасат» (2015); «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдары (2005); «Астанаға 10 жыл» (2008); 1-дәрежелі «Атамекен» медалі (2009); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен марапатталған.

61 жыл бұрын (1963) Қайық спорты федерациясының президенті Қайрат Медібайұлы ӘЙТЕКЕНОВ дүниеге келді.

Фото: qaiyqfederation.kz

Қостанай қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Алматы халық шаруашылық институтын еңбек экономикасы мамандығы бойынша тәмамдаған. 1997 жылы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқарудың Ұлттық жоғары мектебін мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс, неміс, француз тілдерін меңгерген.

1993-1996 жылдары Қостанай облысының басқару органдарында қызмет еткен. 1997-1998 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде жұмыс істеді. 1998-2002 жылдары аралығында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымында қызмет еткен, Қоршаған ортаны қорғау комитетін басқарған. 2003-2006 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2006-2007 жылдары ҚР Туризм және спорт вице-министрі болды. 2007 жылдан бастап «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Мемлекеттік органдармен жұмыс және операциялық қызметтер жөніндегі басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2008 жылғы қарашадан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның басқарушы директоры - басқарма мүшесі болып тағайындалды. Сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын атқарған.

«Құрмет» орденімен, мемлекеттік медальдармен марапатталған. Жер қойнауын пайдаланудың салық салу, кластерлік даму мәселелері бойынша ғылыми жарияланымдары бар. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуге қатысқан.

54 жыл бұрын (1970) қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, меценат, «Raimbek Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Әнуарұлы БАТАЛОВ дүниеге келді.

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын бітірген.

1992-1998 жылдары «Райымбек» компаниясы директорының орынбасары, бас директоры. 1998-2004 жылдары «Райымбек» компаниясының президенті, «Райымбек» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Raimbek Group» ЖШС президенті қызметтерін атқарған. 2001-2003 жылдары ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық палатасының Басқарма мүшесі (2007 жылдан), 2014 жылдан бастап – Қазақстан велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті, Astana Proteam кәсіби велокомандасының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Алматы хайуанаттар бағына әлеуметтік көмек» қорының қамқоршылық кеңесінің басшысы, Марат Бисенғалиевтің басқаруындағы Алматы симфониялық оркестрінің «Достар клубының» мүшесі.

Қазақстан меценаттар клубының әдебиет, ғылым, өнер және ағарту саласындағы тәуелсіз сыйлығының құрылтайшысы.

43 жыл бұрын (1981) Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы СЕНҒАЗЫЕВ дүниеге келді.

Фото: instagram.com/k.sengazyyev_official

Алматы қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін («бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы бойынша), 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін («менеджмент» мамандығы бойынша) тәмамдады.

Еңбек жолы: 2002-2005 жылдары Алматы қаласының және Алматы облысының мектептерінде мұғалім болып еңбек етті; 2005-2008 жылдары Алматы қаласының жеке құрылымдарында қызмет етті; 2008-2011 жылдары Астана қаласындағы №21 орта мектептің директоры; 2011-2013 жылдары Астана қаласындағы №49 орта мектептің директоры; 2013-2016 жылдары Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары; 2016 жылы Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары; 2016-2017 жылдары Астана қаласы Білім басқармасының басшысы. 2017-2021 жылдары Астана қаласындағы Политехникалық колледжінің жетекшісі.

Қазіргі қызметін 2021 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келеді.

37 жыл бұрын (1987) Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысы Дәурен Талапұлы ӨТЕПҚАЛИ дүниеге келді.

Фото: lada.kz

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық кентінде дүниеге келді. 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, 2013-2016 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде білім алған.

Еңбек жолы: 2010-2011 жылдары Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында үлестік құрылысты реттеу бөлімінің бас маманы, әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы, әкімшілік-құқықтық бөлімі бастығының м.а.; 2011-2012 жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде әкімшілік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы, 2012-2013 жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті, әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы; 2013-2015 жылдары

ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, 2015-2018 жылдары Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы; 2018-2019 жылдары Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы; 2019-2020 жылдары Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылау басқармасында лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы; 2020-2022 жылдары Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылау басқармасы басшысының орынбасары; 2022 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың мамыр айынан бастап атқарып келеді.