Досмаханбет КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
1955 жылы Арыс қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, филолог (1981).
Еңбек жолы: жүк тиеуші (1972); Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті) қазақ тілі кафедрасының оқытушысы (1981-1999); «Азат» мемлекеттік мәдениет үйі төрағасының орынбасары (1991-1992); Орталық Азия және Қазақстан демократиялық конгресінің тең төрағасы (1991-1993); «Әділ сайлау үшін» қоғамдық қозғалысының жауапты хатшысы, Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісінің президенті (1998-2005); «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (2005); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата Кеңесінің мүшесі (2007).
Жаннат ЕРТІЛЕСОВА, ҚР Салық төлеушілер қауымдастығы Басқарушы кеңесінің төрайымы
1956 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, математик (1978).
Еңбек жолы: 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономикалық жоспарлау және стандарттар ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1992-1993 жылдары ҚР Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетінің жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1993-1995 жылдары ҚР Экономика министрлігі басқармасының бастығы, ҚР Экономика министрінің бірінші орынбасары, 1995, 1997-1999 жылдары ҚР Министрлер Кабинетi мен ҚР Үкiметi жанындағы Экономикалық реформалар орталығының басшысы, 1997 жылы ҚР Қаржы вице-министрі, Қаржы вице-министрі, 1999-2000 жылдары «Қазақтелеком» ААҚ вице-президенті, 2000-2001 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, 2001 жылы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, 2001-2003 жылдары «Сана Консалтинг» компаниясының басшысы, 2003-2004 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, 2004-2005 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры, 2005-2007 жылдары Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы Басқарушы кеңесінің төрайымы, 2007 жылы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2013-2015 жылдары ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, 2015 жылдан бастап — «Эксперт Қазақстан» журналының директоры.
Данияр ЖАНАЛИНОВ, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары
1975 жылы Алматы облысыда туған. 1998 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2000-2002 жылдары Талдықорған қаласы және Алматы облысы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы. 2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінің жетекші салық инспекторы. 2003-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы. 2008 жылы Алматы облысы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы қызметін атқарды. 2008-2010 жылдары Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары. 2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық қызметтері басқармасының бастығы. 2012-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің ірі салық төлеушілер басқармасының басшысы. 2014 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы. 2014-2018 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2018-2021 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2022-2023 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі қызметінде.
Руслан БАҚТЫБАЕВ, Шымкент қаласы Қаржы басқармасының басшысы
1980 жылы туған. 1998-2002 жылдары Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Мемлекеттік университетінде білім алды.
Еңбек жолы: 200-2003 жылдары Шымкент қаласы әкімінің экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының операторы; 2003-2005 жылдары Шымкент қаласы әкімі Экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы; 2005-2006 жылдары Шымкент қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің жетекші маманы; 2006-2008 жылдары Шымкент қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспарлау және Инвестициялық саясат секторының бас маманы; 2008-2010 жылдары Шымкент қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспарлау және Инвестициялық саясат секторының меңгерушісі; 2010-2011 жылдары Шымкент қаласы Экономика және қаржы бөлімінің әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және Инвестициялық саясат секторының меңгерушісі; 2011-2018 жылдары Шымкент қаласы Экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылы Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары болды.
Қазіргі лауазымын 2022 жылдың қыркүйегінен бастап атқарып келеді.
Талғат ҒАЗИЗОВ, «Kazakh Tourism» басқарма төрағасы
1986 жылы Целиноград (Астана) қаласында туған. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен; Майами университетін (Болашақ халықаралық стипендиясы), PR мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы (2010-2011); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК жетекші маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (2011-2018); «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ ақпараттық қолдау және PR-насихаттау департаментінің директоры (2018-2019); AMANAT партиясының Орталық аппаратының коммуникация және талдау департаментінің директоры (2019-2021); AQGroup компаниялар тобының медиа коммуникациялары жөніндегі басқарушы директоры (2021-2023); «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры (2023-2026).
Қазіргі лауазымын 2026 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.
Иманбек ЗЕЙКЕНОВ, қазақстандық диджей, музыкалық продюсер
2000 жылы Павлодар облысының Ақсу қаласында туған.
2019 жылы ол Saint Jhn-ның «Roses әніне жасаған ремиксі арқылы халықаралық деңгейде танымал болып, сол үшін „Грэмми-2021“ музыкалық сыйлығын алды. И.Зейкенов — Қазақстаннан Грэмми алған алғашқы музыкант, сондай-ақ ТМД және бұрынғы КСРО елдерінде классикалық емес музыка категориясында Грэмми сыйлығын алған алғашқы музыкант болды (2021); Президент оркестрінің ABYROY тобының «РУХ» патриоттық әніне түсірілген бейнебаянды аранжировкалауға қатысты (2024).
"Құрмет" орденімен марапатталған (2025).
Эдгард ВОЦАЛЕВСКИЙ, Кеңес үкіметі және қазақтың ірі ғылыми қызметкері, Мұнай және газ геологиясы ғылымның көрнекті қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
1935 жылы Ресейдің Чита облысында туған. 1959 жылы Грозный мұнай институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1959-1978 жылдары Қазақ мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтының аға лаборанты, ғылым қызметкері, лаборатория меңгерушісі, институт директорының орынбасары, 1978-1991 жылдары Қазақстанның ең ірі мұнай барлау мекемелерінің — «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының, «Қазмұнайгазгеология», «Гурьевмұнайгазгеология» бірлестіктерінің, «Каспийгеология» басқармасының бас геологы, 1991 жылдан Қазақстан Ғылыми Академиясының Геология ғылымдары институтының бас ғылыми қызметкері болды. Оның негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстанның мұнай және газ қорларын болжауға, іздеуге, барлауға арналған.
«Мұнайшы» ҚҚ мүшесі, «Мұнайшы» ҚҚ редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Еңбек Қызыл Ту», «Парасат» ордендерімен, әр түрлі медальдармен марапатталған.