11.00-де Сенатта «Тәуелсіздік және жаңа, әділ Қазақстанды құру жолдары» атты «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысы өтеді. ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени өміріне қатысты мәселелерді сараптамалық талқылау өтеді.
11.00-де «Бозоқ» ұлттық паркінің құрылысының басталуына орай естелік капсуласын салу рәсімі өтеді. Шараға мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, ғылыми зиялы қауым өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері және т. б. қатысады.
11.00-де Халықаралық Түркі академиясында «Қазақтың 550 мақал-мәтелі (Иштван Коңыр Мандоки мұрасынан алынған фотосуреттермен)» және «Кундардың суреттелген хроникасы» атты кітаптардың тұсаукесері өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, оның ішінде Қазақстандағы кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша заңнаманы сақтау» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасы Төлеген Оспанқұлов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
14.00-де «Жастар» сарайында жалпы қалалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.
15.00-де «Radisson Astana» қонақүйінде «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Астана қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қайырымдылық саласындағы үздік меценаттар мен филантроптар үшін «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде жаңа тарифтік саясатқа көшу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов; ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әбдікәрімов Абзал Әлиұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz 19.00-де «Барыс Арена» мұз сарайында «Барыс» (Астана) және «Металлург» (Магнитогорск) клубтары арасындағы хоккей матчы аясында БҰҰ Даму Бағдарламасы мен «Барыс» клубы бірлесіп ұйымдастырған «Қар барысын сақтайық!» экологиялық акциясы өтеді.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.
19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Эхо любви» эстрадалық концерті өтеді.
Фото: www.istockphoto.com