59 жыл бұрын (1964) ҚР Судьялар Одағы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Мұхтар Жүсіпбекұлы ЕРКІНБЕКОВ дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Бұл қызметке келгенге дейін 1982-1983 жылдары Жаңақорған ауданының Бірлік кеңшарында жұмысшы, 1991-1992 жылдары Қызылорда қалалық прокуратурасында стажер тергеуші, тергеуші, қалалық табиғатты қорғау прокуратурасының тергеушісі, облыстық прокуратурада аға тергеуші, одан кейін тергеу бөлімінің прокуроры, МТК-нің Шиелі аудандық бөлімінің бастығы, осы мекеменің облыстық департаментінде бөлім бастығы, кейін басқарма бастығының орынбасары болды. 1992-1997 жылдары Қызылорда қалалық ІІБ бастығының орынбасары, облыстық қаржы полициясы бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары, 1997-2007 жылдары Қызылорда қалалық сотының судьясы, Қызылорда облысының соттар әкімшісі, 2008-2011 жылдары Байқоңыр қалалық сотының төрағасы, Қызылорда облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы, Қызылорда қалалық сотының төрағасы, 2011-2012 жылдары Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотының төрағасы, 2017-2021 жылдары Қызылорда қалалық сотының төрағасы қызметін атқарды.
2021 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
48 жыл бұрын (1975) Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Данияр Еренғалиұлы ЖАНАЛИНОВ дүниеге келді.
Алматы облысыда туған. 1998 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2000-2002 жылдары - Талдықорған қаласы және Алматы облысы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы. 2002-2003 жылдары - Алматы облысы бойынша Салық комитетінің жетекші салық инспекторы. 2003-2008 жылдары - Алматы облысы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы. 2008 жылы - Алматы облысы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы қызметін атқарды. 2008-2010 жылдары - Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары. 2010-2012 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық қызметтері басқармасының бастығы. 2012-2014 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің ірі салық төлеушілер басқармасының басшысы. 2014 жылы - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы. 2014-2018 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2018-2021 жылдары - Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2022-2023 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2023 жылдың 9 қыркүйегінен бастап қазіргі қызметінде.
66 жыл бұрын (1957) генерал-лейтенант, Қорғаныс министрінің экс-бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Штаб бастықтары комитетінің төрағасы Болат Керімжанұлы ДАРБЕКОВ дүниеге келді.
Қырғыз ССР Тоқмақ қаласында туған.
1979 жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін үздік бітірді.
Офицерлік қызметін Германиядағы Кеңес әскерлері тобында мотоатқыштар взводының командирі болып бастады. 1979 жылдан бастап 35-ші жеке гвардиялық әуе шабуыл бригадасының әуе шабуыл взводының командирі қызметін атқарды. Арнайы десанттық бригаданың құрамында командирдің орынбасары – парашюттік ротаның десанттық даярлығы бойынша нұсқаушысы, десанттық-шабуылдау ротасының командирі, штаб бастығы – парашюттік батальон командирінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1988 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны үздік бітірді. Академияны бітіргеннен кейін САВО жеке мотоатқыштар бригадасының мотоатқыштар батальонының командирі қызметін атқарды. 1992 жылы штаб бастығы – Қырғыз Республикасы Ұлттық ұланы командирінің орынбасары болып тағайындалды. 1993-1995 жылдары - Қырғызстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас штабының бастығы - қолбасшысының бірінші орынбасары қызметінде.
1995 жылы Қырғызстаннан Қазақстанға ауысты. 1995-1998 жылдары мотоатқыштар дивизиясының мотоатқыштар полкінің командирі, 23260 әскери бөлімінің бөлімше офицері, Алматы жоғары әскери училищесінің тактика кафедрасының оқытушысы, ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясының оперативтік өнер және тактика кафедрасының аға оқытушысы қызметтерін атқарды.
1998 жылдың мамырында ол армия корпусының танк дивизиясы командирінің орынбасары болып тағайындалды.
2001 жылы РФ Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын үздік бітіріп, Жедел жоспарлау басқармасының бастығы – ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының жедел жоспарлау жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2003 жылы - ҚР Қорғаныс министрлігі Бас штаб бастығының бірінші орынбасары - Жедел жоспарлау департаментінің бастығы қызметінде.
2003-2007 жылдары ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-штаб бастықтары комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2007-2008 жылдары «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен (2005 ж. мамыр), «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдағы ерекшелік үшін» медалімен (2008 ж.) марапатталған.
43 жыл бұрын (1980) Шымкент қаласы Қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақытбекұлы БАҚТЫБАЕВ дүниеге келді.
1998-2002 жылдары Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Мемлекеттік университетінде білім алды.
Еңбек жолы: 200-2003 жылдары Шымкент қаласы әкімінің экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының операторы; 2003-2005 жылдары Шымкент қаласы әкімі Экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы; 2005-2006 жылдары Шымкент қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің жетекші маманы; 2006-2008 жылдары Шымкент қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспарлау және Инвестициялық саясат секторының бас маманы; 2008-2010 жылдары Шымкент қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспарлау және Инвестициялық саясат секторының меңгерушісі; 2010-2011 жылдары Шымкент қаласы Экономика және қаржы бөлімінің әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және Инвестициялық саясат секторының меңгерушісі; 2011-2018 жылдары Шымкент қаласы Экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі лауазымын 2018 жылдан бері атқарып келеді.
23 жыл бұрын (2000) қазақстандық диджей, музыкалық продюсер Иманбек Маратұлы ЗЕЙКЕНОВ дүниеге келді.
Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келді.
2019 жылы ол Saint Jhn-ның «Roses әніне жасаған ремиксі арқылы халықаралық деңгейде танымал болып, сол үшін «Грэмми-2021» музыкалық сыйлығын алды. И.Зейкенов - Қазақстаннан Грэмми алған алғашқы музыкант, сондай-ақ ТМД және бұрынғы КСРО елдерінде классикалық емес музыка категориясында Грэмми сыйлығын алған алғашқы музыкант болды.
88 жыл бұрын (1935-2012) Кеңес үкіметі және қазақтың ірі ғылыми қызметкері, Мұнай және газ геологиясы ғылымның көрнекті қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Эдгард Славомирович ВОЦАЛЕВСКИЙ дүниеге келген.
1959 жылы Грозный мұнай институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1959-1978 жылдары Қазақ мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтының аға лаборанты, ғылым қызметкері, лаборатория меңгерушісі, институт директорының орынбасары, 1978-1991 жылдары Қазақстанның ең ірі мұнай барлау мекемелерінің – «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының, «Қазмұнайгазгеология», «Гурьевмұнайгазгеология» бірлестіктерінің, «Каспийгеология» басқармасының бас геологы, 1991 жылдан Қазақстан Ғылыми Академиясының Геология ғылымдары институтының бас ғылыми қызметкері болды. Оның негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстанның мұнай және газ қорларын болжауға, іздеуге, барлауға арналған.
«Мұнайшы» ҚҚ мүшесі, «Мұнайшы» ҚҚ редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Еңбек Қызыл Ту», «Парасат» ордендерімен, әр түрлі медальдармен марапатталған.