АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидроет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 21 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, түнде елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. ҚР бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, шығыста, орталықта жел күшеюі күтіледі.
Түнде батыста, Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік сақталады.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.