Абай ТАСБОЛАТОВ, ҚР Қарулы күштері жоғары қолбасшылық құрамының өкілі, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі
1951 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1973 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген. 1980-1983 жылдары М. В. Фрунзе атындағы Әскери академияда оқып, мотожаяу әскер офицері мамандығын алған.
Еңбек жолын 1973-1980 жылдары Алматы жалпы әскери командалық училищесінің взвод, рота командирі болып бастаған. 1983-1991 жылдары Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінде оқытушы, курсанттар батальонының командирі, тактика кафедрасының аға офицері болды. 1991-1992 жылдары ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті жанындағы жоғары оқу орындары және әскери емес штаб дайындығы бөлімінің бастығы,
1992-1997 жылдары Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищенің бастығы, 1997-2002 жылдары ҚР Қарулы күштері Әскери академиясының бастығы, 2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Республикалық ұланның қолбасшысы, 2012-2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, 2016-2021 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
«Даңқ» орденінің II және I дәрежелерімен, «За службу Родине в Вооруженных Силах СССР» орденінің I дәрежесімен, «Петра Великого» орденінің I дәрежесімен, сондай-ақ мерейтойлық және еңбек өтілі үшін берілетін медальдармен марапатталған.
Владимир СМИРНОВ, қазақстандық шаңғышы, 1994 жылғы Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы, төрт дүркін Олимпиада күміс жүлдегері, екі дүркін қола медаль иегері
1964 жылы Көкшетау облысының Щучинск қаласында дүниеге келген. 1983 жылы П. Ф. Лесгафт атындағы Әскери денешынықтыру институтының спорт нұсқаушылары курсын, 1986 жылы Қазақ мемлекеттік денешынықтыру институтын денешынықтыру және спорт пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1980-1992 жылдары КСРО және ТМД құрамалары сапында өнер көрсетті, 1992-1999 жылдары Қазақстан атынан жарыстарға қатысты. 1988 жылы Калгариде өткен XV қысқы Олимпиада ойындарына, 1992 жылы Альбервильде өткен XVI қысқы Олимпиада ойындарына, 1994 жылы Лиллехаммерде өткен XVII қысқы Олимпиада ойындарына, 1998 жылы Наганода өткен XVIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Нагано Олимпиадасында Халықаралық Олимпиада комитетінің Спортшылар комиссиясының мүшесі болды. 2004-2005 жылдары Халықаралық биатлоншылар одағының спорт директорының көмекшісі, 2006-2010 жылдары Халықаралық биатлоншылар одағы конгресінің спорт жөніндегі вице-президенті қызметтерін атқарды. 2005-2014 жылдары «Scania Kazakhstan» компаниясының өкілетті өкілі орынбасары, «Scania Central Asia» ЖШС бас директоры, «Scania» компаниясының ТМД елдері бойынша кеңесшісі болды.
2014 жылы «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы корпоративтік қорының бас директоры қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Швециядағы құрметті консулы. Қазіргі уақытта Швеция азаматы.
«Даңқ» және «Халықтар достығы» ордендерімен (1988), сондай-ақ 4 алтын (1987, 1989, 1993, 1995), 4 күміс және 3 қола медальмен марапатталған. Норвегияның спорт саласындағы ең жоғары марапаттарының бірі — Холменколлен медалінің иегері. 1991/92 және 1993/94 маусымдарында әлем кубогының жеңімпазы атанды.
Айдос СҰЛТАНОВ, Түркістан облыстық сотының төрағасы
1978 жылы Түркістан облысының Сайрам ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қостанай қаласындағы заң институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997-2000 жылдары Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасының аса ауыр қылмыстарды тергеу бөлімінде бастаған. 2000-2001 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасында жеке тұлғаларға қатысты қылмыстарды тергейтін тергеуші болды. 2001-2004 жылдары аталған басқармада жеке тұлғаларға қатысты аса ауыр қылмыстарды тергеу жөніндегі тергеуші қызметін атқарды. 2004-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің тергеу бөлімін басқарды. 2008-2013 жылдары Шымкент қаласы Еңбекші ауданының судьясы болды. 2013-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотының төрағасы қызметін атқарды. 2017-2021 жылдары Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының төрағасы болды. 2021-2024 жылдары Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2024 жылғы сәуірден бастап атқарып келеді.
Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ, «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы
1979 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. 2001 жылы С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы «Агро-Центр Астана» компаниясында тергеуші ревизор болып бастады. 2002-2005 жылдары елорда Сыртқы экономикалық байланыс комитетінің бас маманы, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпарат комитетінің бас маманы, ҚР Байланыс және ақпараттандыру агенттігінің бас маманы, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешені құрылысы комитетінде бас маман, бөлім бастығы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды. 2005-2006 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болды. 2006 жылы Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі, сол жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2006-2007 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болды. 2007-2009 жылдары Қарағанды облысы әкімінің аппаратын басқарды. 2009-2010 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2010-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды. 2011-2012 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар вице-министрі қызметін атқарды. 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары болды. 2014-2022 жылдары Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Марат ЕСТАЕВ, Жамбыл облысы Тараз қаласының прокуроры
1984 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 2005 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылғы қазан айында Алматы қаласы әкімдігінің «Алматыжер» мемлекеттік кәсіпорнының бөлімінде бастаған. 2008 жылғы қаңтардан 2010 жылғы ақпанға дейін «Мойынқұм Сервис» ЖШС-де экономика жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған. 2010 жылы Шу ауданаралық прокуратурасында іс жүргізуші қызметін атқарды. 2010 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы наурызға дейін Қордай ауданы прокурорының көмекшісі болды.
2011 жылғы наурыздан 2013 жылғы наурызға дейін Шу ауданаралық прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі қызметтерін атқарды. 2013 жылғы наурыздан 2016 жылғы тамызға дейін Жамбыл облысы прокуратурасының түрлі бөлімшесінде әртүрлі қызмет атқарды. 2016 жылғы тамыздан 2022 жылғы қазанға дейін Шу ауданаралық прокурорының орынбасары, Байзақ ауданы прокурорының орынбасары болды. 2022 жылғы қазаннан 2026 жылғы сәуірге дейін Жамбыл облысы Жамбыл ауданының прокуроры қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы сәуірден бастап атқарып келеді.
Нұрдәулет МЕДЕУОВ, Кентау қаласы әкімінің орынбасары
1988 жылы Түркістан облысының Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 2010 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Туризм» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2013-2015 жылдары «Оңтүстік Қазақстан облысының туризмді дамыту қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі директорының міндетін атқарды.
2016-2017 жылдары Астана қаласы Білім басқармасының «Жас саяхатшылар станциясы» мемлекеттік мекемесінде нұсқаушы болып жұмыс істеді. 2 017 жылы Астана қаласының Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығында нұсқаушы қызметін атқарды. 2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы «Атамекен» ҰКП Бейнеу аудандық филиалының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бизнес-тренері болды. 2019 жылы Түркістан облысы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы КММ басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары Түркістан облысы Туризм басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының басшы орынбасары болды. 2020-2024 жылдары Түркістан облысы Туризм басқармасының туризмді дамыту және туристік жобаларды іске асыру бөлімін басқарды. 2024-2026 жылдары Түркістан облысы Туризм басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы қаңтардан бастап атқарып келеді.
Тимур ӘБІЛҚАСЫМОВ, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары
1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау институтын, 2015 жылы Джонс Хопкинс университетін, 2016 жылы London Metropolitan University университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2008-2010 және 2013-2014 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының регби ойыншысы, «Алматы» кәсіби регби клубының ойыншысы болды. 2014-2016 жылдары «KazInvestBank» АҚ-та нарықтық және өтімділік тәуекелдері бөлімінің басшысы, қаржылық талдау бөлімінің маманы қызметтерін атқарды. 2016-2017 жылдары «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің басшысы болды.
2017-2018 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2018-2021 жылдары «Radius Advisory Lab» ЖШС-ның аға серіктесі болды. 2021-2024 жылдары ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының кеңесшісі, CDO қызметтерін атқарды. 2024 жылы «NAC Analytica» корпоративтік қорының басқарма төрағасы болды. 2024-2025 жылдары ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2025 жылғы қыркүйектен бастап атқарып келеді.
Альмира ТҰРСЫН (ТҰРСЫНБАЕВА), актриса, сценарист, «Томирис» фильмінде басты рөлді сомдаған
1990 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік университетін «Бизнес әкімшілендіру» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: Орталық Азия іскер әйелдер конгресінің ұйымдастыру комитетінің директоры, әйелдерге арналған кәсіби бағдар беру тренері болып қызмет атқарды. 2019 жылы режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмінде басты рөлді сомдады. 2020 жылы Ақан Сатаевпен шығармашылық байланысын жалғастырып, «Боксшы» спорттық драмасының сценарисі болды.
2022 жылғы 29 қыркүйекте Әділхан Ержановтың «Голиаф» қазақстандық драмасының тұсаукесері өтті. Фильмде Альмира Тұрсын басты кейіпкердің жұбайын сомдады. 2022 жылы «Mrs. Globe Kazakhstan» байқауының жеңімпазы атанды.
Қапан БАДЫРОВ, актер, қоюшы режиссер, Қазақстанның халық әртісі, қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі
1904 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Театр сахнасында С. Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» пьесасындағы Еркебұлан, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқты» және «Амангелді» шығармаларындағы Науан хазірет пен Амангелді, Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» пьесасындағы Жомарт, Ф.Вольфтің «Профессор Мамлюк» шығармасындағы профессор Мамлюк, Б.Майлиннің «Майданындағы» Бекболат, Т.Ахтановтың «Антындағы» Төле би, К. Треневтің «Любовь Яровая» М. Яровой, У.Шекспирдің «Отеллосындағы» Отелло сынды рөлдерді сомдады. Актерлік шеберлігі Мұхтар Әуезовтің драматургиялық шығармаларында айрықша танылды. Ол жазушының 21 пьесасында ойнаған. 1952 жылы «Абай» спектакліндегі Абай рөлі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Режиссер ретінде А. Әбішевтің «Жолбарыс» пьесасын сахнаға шығарды. Кинода «Амангелді» фильмінде Қаратайдың, «Абай әні» картинасында Айдар мен Сырттанның, «Алып туралы аңызда» Көрегеннің, «Өмір жолдары» фильмінде Сәрсеннің рөлдерін сомдады. «Өткендер мен өткелдер», «Естен кетпес есімдер», «Театр — менің тағдырым» атты кітаптардың авторы.
Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және «Халықтар достығы» орденімен марапатталған.