9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралады.
9.30-да «Астана» халықаралық қаржы орталығында Қазақстандағы еңбек нарығына арналған «Human Capital Days» халықаралық форумы өтеді.
10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.00-де «EXPO» халықаралық көрме орталығында Қазақстанның басты индустриялық шарасы – «Kazakhstan Industry Week 2022» өңдеу өнеркәсібі халықаралық көрмесі басталады.
10.00-де Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын іске асыру аясында ашық есік күні өтеді.
Сонымен бірге «Ұлы даланың жазба мұралары» атты көрме, «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының» құрметіне әдеби кеш, «Реставрациялау жұмыстары арқылы қағаз зақымдарын қорғау тәсілі», қолжазбаларды сканерлеу жұмысымен таныстыру бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылады.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры XXXII жаңа маусымын дәстүрлі түрде М.Әуезовтің «Абай» қойылымымен ашады.
19.00-де Жастар театрында «Құдалар» комедиясы көрсетіледі.
19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында француз музыкасы кеші өтеді.