Күз және көктем мезгілдерінде экологиялық айлық өткізу қаламызда игі дәстүрге айналған. Бұдан басқа, экологиялық айлық аясында арнайы штаб құрылады.
Күзгі айлық шеңберінде қаладан бірнеше тонна қоқыс шығару жоспарланып отыр. Сенбілікке ондаған техника мен мыңдаған адам тартылмақ.
21 қыркүйекте елорда көшелерін жинауға мемлекеттік қызметкерлер, мектеп оқушылары, студенттер мен қала тұрғындары қатысады.