21 қыркүйекте еліміз қалаларындағы ауа сапасы қандай болады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 қыркүйекте Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.