21 мамыр. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 21 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Freepik

ЕСІМДЕР

68 жыл бұрын (1958) Халықаралық орыс тілі ұйымы (ХТҰ) Бас хатшысының орынбасары Алексей Юрьевич ВОЛКОВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Малайзия Дипломатия және халықаралық қатынастар институтының курстарын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы: 1981-1991 жылдары Қазақ Политехникалық институтында және Қазақ Мемлекеттік университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан.1991-1992 жылдары ҚР Халыққа білім беру министрлігінде консультант болып жұмыс атқарған. 1992 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарды. 1992-1996 жылдары БҰҰ бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, меңгерушісі, 1996 -1999 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілінің орынбасары (Швейцария Конфедерациясы), 1999 -2003 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі хатшылығының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі кеңсесінің мемлекеттік инспекторы, 2003-2005 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2012-2016 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2016-2021 жылдары Грекиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын атқарған. Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар.

«Құрмет» (2011), Әулие Мария Магдалена (2011, Польшаның Автокефальды Православие шіркеуі), Польша Республикасына сіңірген еңбегі үшін командирлік орденімен (2012) марапатталған; «Қазақстан Республикасына 10 жыл» (2001), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астанаға 10 жыл» (2008) медальдарымен марапатталған.

48 жыл бұрын (1978) Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Жанаұлы БАЙПАҚОВ дүниеге келді.

Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында туған.

Есенов атындағы Ақтау университетін «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша (1999 ж.) Халықаралық еңбек академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген (2003).

Еңбек жолы: Есенов атындағы Ақтау университетінің тарих және философия кафедрасының оқытушысы (1999-2000); Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы (2000-2001); Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы (2002-2004); Ақтау қаласы әкімінің көмекшісі (2004-2005); «Отан» өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер республикалық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Ақтау қалалық өкілдігі төрағасының бірінші орынбасары (2005-2006); Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы (2006); Баянды ауылының әкімі (2006-2007); «Каспий» СК СК» АҚ департаментінің директоры (2007-2010); «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (2010-2012); «CASPI BITUM» БК» ЖШС кадрлар бөлімінің бастығы (2012-2020); Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары (2020-2023); Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының басшысы (2023-2024).

2024 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1981) Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Серікұлы ШӘМЕНОВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Қызылорда қаласында туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (2002); Қазақ академиялық университеті, Мамандығы: Қаржы және несие (2004).

Еңбек жолы: «Рух» заң фирмасының заңгері (2002); Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің кадр, заң қызметі және арнайы жұмыс бөлімінің бас маманы (2002-2005); Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы (2005-2006); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті тәртіптік кеңес хатшылығының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің консультанты (2006-2008); Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы (2008-2013); Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары (2013-2019); Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы (2019-2022); Қызылорда облысы бойынша Бақылау басқармасының (ГАСК, еңбек инспекциясы) басшысы (2022).

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.