«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел түнде өңірдің кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай болжанады. Желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, күндіз Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман болады. 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Манғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.
Қатты ыстық сондай-ақ Ақтөбе облысында болжанады.
Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.