21 маусымда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейеді, батыста - аптап ыстық

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 маусымда ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болатындықтан жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сипоптиктердің мәліметінше, тек солтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, , кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман түсуі мүмкін.

Алматы, Жамбыл, күндіз Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-21 м/с жетеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Қарағанда облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар