деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Алқаның жұмысына облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, бейнеконференциялық байланыс арқылы облыстық және аудандық прокуратуралардың қызметкерлері қатысты.
Бас Прокурор атап өткендей, ағымдағы жылы прокуратура органдары құқық қорғау органдары қызметін одан әрі жетілдіру және тиімділігін арттыруға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында жұмыс істеді.
Халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі үшін ерекше маңызды болып табылатын прокуратура органдарының құқық қорғаушылық әлеуетін жүзеге асыруға, азаматтардың конституциялық құқықтарын және кәсіпкерлікті қорғауға аса назар аударылды. 255 мыңнан астам заңдылықты бұзу тіркелді. 21 мың қадағалау актісін қарау нәтижесінде 353 мың азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. 23 миллиард теңге шығынның орны толтырылды, оның ішінде 14 миллиард теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды.
Азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында және жеті миллион салымшының мүдделерін қорғау үшін Үкіметке зейнетақылық заңнаманы жетілдіру және салымшылардың мүдделеріне сай келмейтін келісімдер жасаған жағдайда зейнетақы қорларының жауапкершілігін күшейту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі жұмыс бұрынғыдай басым бағыттардың бірі болып қалып отыр. Прокурорлық ықпал ету шараларымен республика көлемінде жалпы сомасы 2,2 млрд. теңге жалақы қарыздары өтелді.
Прокурорлардың араласуынан кейін ауылшаруашылығы өнімдерін импорттаушыларға әкімшілік кедергілер жойылды. Енді олар карантиндік рұхсатты күтіп апталап шекарада тұрмайды.
Кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Бизнес тірегі» жобасының мүмкіндіктері тиімді пайдаланылуда.
Мемлекет басшысының құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа талаптарына сай Бас прокуратура қылмыстар мен оқиғалар туралы арыз-шағымдарды тіркеу және қарау процесіне инновациялық технологияларды енгізу жұмыстарын жүзеге асыруда, осының нәтижесінде әрбір арыз бен хабарламаның қаралу барысын шынайы уақыт режимінде мониторинг жасап отыруға мүмкіндік ашылды.
Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Бас Прокурор ұйымдасқан қылмыспен, экстремизм және терроризммен, сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күрестегі прокуратура органдарының үйлестірушілік рөлін күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Азаматтардың, кәсіпкерлік өкілдерінің, үлескерлік құрылысқа қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау бойынша өзге де маңызды міндеттерді айқындады.