«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні күндіз 25 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында түнде жел 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15 м/с артады.