11.00-деҚолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы «Қилы заман көші – құжаттық деректерде» атты халықаралық ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өткізеді.
11.00-де Парламент Мәжілісінде AMANAT партиясы фракциясы «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасы шеңберінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері» атты кеңейтілген жиналыс өткізеді.
11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымының қорытындысы туралы» онлайн брифинг өтеді.
Спикерлер:Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқарамасының бастығы Еркін Отарғалымұлы, «Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Көпешов.
Онлайн баспасөз-конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
14.00-де Esil University-де Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ұйымы жұмыс іздеп жүргендер, елордалық ЖОО түлектері және елорда жастары үшін қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.
15.00-де St. Regis Astana қонақ үйінде шахматтан әлем чемпионаты өтеді.
16.00-де Астана қаласының мәслихаты бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының танысу отырысы өтеді.