Қазгидрометтің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Павлодар, күндіз Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.