21 сәуірде ел аумақтарында құбылмалы күн райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 21 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман болады, жел күшейеді.

Тек батыс және солтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, түнде Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз  басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, күндіз Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с жетеді.

Күндіз Қостанай облысының кей аумақтарында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі, күндіз  жел 15-20 м/с күшейді.

Батыс Қазақстан облысының жекелеген аумақтарын тұман басады.