21 сәуір. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 21 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
72 жыл бұрын (1953) ақын, журналист, жазушы-аударамашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Ошақбайұлы ТОБАЯҚ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ ғылыми-техникалық ақпарат институтының экономикалық курсын, Энергетика ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.
«Қазтехэнерго» кәсіпорнының инженері, Энергетика министрлігінің аға инженері, Энергетика ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Қазақ энциклопедиясының ғылыми редакторы, «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бөлім меңгерушісі, «Халық Кеңесі» газетінің бөлім меңгерушісі, «ТАҢ» телекомпаниясының комментаторы, ҚР Қаржы министрлігінің бөлім бастығы, «Қаржы-Қаражат» журналының арнаулы тілшісі, ҚР Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру агенттігінің бөлім бастығы, Қазақ телеграф агенттігінің редакторы, «Хабар» агенттігінің редакторы, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы журналының жауапты редакторы, Алматы қалалық әкімшілігі Тіл басқармасының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір ұлттық «КЕГОК» энергетикалық компаниясында жұмыс істейді. Ақынның «Бостан», «Металдар құпиясы», «Егемен елдің экономикасы», «Сонар», «Адамзат тірлікті дәулет білмек.», «Құланиек», «Алматы көшелері», «Күреңбел» атты кітаптары жарық көрген.
61 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Құдайбергенұлы ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.
Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын тәмамдаған.
Қазақ политехникалық институтының оқытушысы болған. 1993-1998 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдері басқармасы бастығының, Азия елдері департаменті директорының орынбасары, Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы — ІV департаменті директорының орынбасары, 1998-1999 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі III департаментінің, Екі жақты қатынастар департаментінің директоры, 1999-2001 жылдары ҚР Сыртқы істер вице-министрі, 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған. 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2006-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болды. 2008-2011 жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Вена қаласындағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, 2013 жылы Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарды. 2016-2018 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі болды. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды. 2020-2024 жылдары ЕҚЫҰ аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
48 жыл бұрын (1977) «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары — бас инженері Жақсылық Берікжанұлы САҒЫМБЕКОВ дүниеге келді.
2000 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық-техникалық университетін Электр жүйелері мен желілері, инженер-электрик мамандығымен, 2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін іскерлік әкімшілендіру, Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолы: 2000-2002 жылдары Көкшетау АЭК, Тайынша ЭТА, Келлер ПЭУ шебері, жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр монтері, 2003-2010 жылдары KEGOC АҚ-ның Ақмола ЖЭТ филиалы, Атбасар аумақтық электр желілері Бас төмендету қосалқы станциясының шебері, бастығы, 2010-2014 жылдары «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Қосалқы станция басқармасы бастығының орынбасары, бас маман, СБжЕҚБ бас маманы, 2014-2022 жылдары «Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары — бас инженері қызметін атқарған.
Қазіргі лауазымын 2022 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.