ЕСІМДЕР
71 жыл бұрын (1953) ақын, журналист, жазушы-аударамашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Ошақбайұлы ТОБАЯҚ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ ғылыми-техникалық ақпарат институтының экономикалық курсын, Энергетика ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.
«Қазтехэнерго» кәсіпорнының инженері, Энергетика министрлігінің аға инженері, Энергетика ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Қазақ энциклопедиясының ғылыми редакторы, «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бөлім меңгерушісі, «Халық Кеңесі» газетінің бөлім меңгерушісі, «ТАҢ» телекомпаниясының комментаторы, ҚР Қаржы министрлігінің бөлім бастығы, «Қаржы-Қаражат» журналының арнаулы тілшісі, ҚР Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру агенттігінің бөлім бастығы, Қазақ телеграф агенттігінің редакторы, «Хабар» агенттігінің редакторы, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы журналының жауапты редакторы, Алматы қалалық әкімшілігі Тіл басқармасының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір ұлттық «КЕГОК» энергетикалық компаниясында жұмыс істейді. Ақынның «Бостан», «Металдар құпиясы», «Егемен елдің экономикасы», «Сонар», «Адамзат тірлікті дәулет білмек.», «Құланиек», «Алматы көшелері», «Күреңбел» атты кітаптары жарық көрген.
60 жыл бұрын (1964) ЕҚЫҰ аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Қайрат Құдайбергенұлы ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.
Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында туған.Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын тәмамдаған.
Қазақ политехникалық институтының оқытушысы болған. 1993-1998 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдері басқармасы бастығының, Азия елдері департаменті директорының орынбасары, Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы — ІV департаменті директорының орынбасары, 1998-1999 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі III департаментінің, Екі жақты қатынастар департаментінің директоры, 1999-2001 жылдары ҚР Сыртқы істер вице-министрі, 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған. 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2006-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болды. 2008-2011 жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Вена қаласындағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, 2013 жылы Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарды. 2016-2018 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі болды. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды.
Қазіргі қызметінде — 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап.
58 жыл бұрын (1966) Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Иосифович АКУЛОВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданының Медведка ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын «мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1991-1996 жылдары Шемонаиха ауданында «Белокаменский» совхозында аға, содан кейін бас мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1996-1997 жылдары аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің (басқармасы) бастығы, 1997-2002 жылдары Шемонаиха ауданы әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары лауазымын атқарған. 2002-2008 жылдары Шемонаиха ауданының әкімі, 2008-2010 жылдары «Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бастығы, 2010-2011 жылдары Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, 2011-2019 жылдары Шемонаиха ауданының әкімі қызметін атқарған.
Қазіргі қызметін 2019 жылдың қаңтар айынан бастап атқарып келеді.