21 ШІЛДЕ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 21 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

21 шілде, ДҮЙ СЕНБІ

Бельгия Корольдігінің ұлттық мейрамы - Король 1 Леопольдтің ант берген күні (1831). Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 18-інде орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 97 жыл бұрын (1917) Орынбор қаласында I жалпықазақ съезі өтіп, онда қазақ интеллигенциясының өкілдері «Алаш» партиясын құру туралы шешім шығарды.

56 жыл бұрын (1958) Қазақ симфониялық оркестрі құрылды.

4 3 жыл бұрын (1971) Қазақ КСР-нің Жер кодексі қабылданды.

2 1 жыл бұрын (1993) Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының орталығындағы Қазан төңкерісінің 50 жылдығы атындағы көшеге жазушы Оралхан Бөкейдің есімі берілді.

2 1 жыл бұрын (1993) Вильнюсте Қазақстан мен Литва Үкіметтері еркін сауда туралы, халықаралық жолаушылар және жүк тасымалы туралы, әуе қатынасы туралы, темір жол көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

20 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев қол қойған «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» Заң баспасөзде жарияланды.

9 жыл бұрын (2005) Солтүстік Қазақстан облысында қазақстан-ресей «Қарақоға» бірыңғай бақылау-өткізу орны ашылды.

«Қарақоға» бірыңғай бақылау-өткізу орны Ресей Федерациясының шекарасында орналасқан, жалпы алып жатқан аймағы 320 км. Ол халықаралық көпжақты өткізу орны болып табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар алмастыруды және сауда-экономикалық байланысын әрі қарай дамытуға арналған өткізу орны «бір аялдама» жүйесі бойынша жұмыс істей отырып, тауар алмастыру барысын жеңілдетеді.

8 жыл бұрын (2006) «Қазпошта» АҚ республика ішілік пошталық айналымға жаңа марка шығарды. Жаңа шығарылым танымал геолог-ғалым, Қазақстандағы геомеханиканың негізін салушы, ҚР ҰҒА мүшесі, профессор Ақжан Машанидің 100 жылдығына арналған. Екінші Аристотель атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеуге барлық саналы ғұмырын арнаған ол геология және кен істері бойынша жарық көрген бірқатар оқу құралдарының авторы.

4 бояулы офсеттік тәсілмен орындалған марка 50 мың дана таралыммен шыққан.

7 жыл бұрын (2007) Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бір топ қызметкерлері Тараздағы қазба жұмыстарын өткізген кезде, қала ортасында орналасқан Қарахан кесенесінің маңынан мешіт қалдықтарын тапты.

Мешіттің құрылысына қарағанда 14 ғасырда салынғанға ұқсайды, сол кезде құрылысқа кірпіш-шикізатын қолданған. Соңғы исламның мешіттері терракота кірпіштерінен көтерілген. Бұл ғимараттың сақталып қалған бөлігі - іргесі, ішкі атрибутикасы - осы жерде мешіт болғанын дәлелдейді, енді ислам дінінің біздің елімізде қай уақытта пайда болғанын айтуға болады. Бұл мешiт бұрын салынған несториан немесе манихей храмның iргесiнде тұрғызылған.

7 4 жыл бұрын (1940) гитлерлік Германияның командованиесі Кеңес Одағына қарсы әскери іс-шара - «Барбаросса жоспарын» әзірлеуге кірісті.

6 1 жыл бұрын (1953) КСРО Америка билігінен Шығыс Берлиннің тұрғындарына тегін тамақ таратуды тоқтатуды талап етті.

4 5 жыл бұрын (1969) тұңғыш рет адамзат баласы Айға табан тіреді.

Ол американдық ғарышкер Нейл Амстронг болатын.

3 1 жыл бұрын (1983) Антарктидадағы «Шығыс» стансасында тарихтағы ең төменгі температура -89,2 градус тіркелді.

1 9 жыл бұрын (1995) Бішкек қаласында «Манас» эпосының 1000 жылдығына және ұлы Абайдың 150 жылдығына орай халықаралық ақындар айтысы және манасшылар конкурсы басталды.

1 5 жыл бұрын (1999) Ингушетияда ерлерге төрт әйел алуға рұқсат етілді.

7 жыл бұрын (2007) Гарри Поттер туралы ағылшын тілінде жетінші кітап жарық көрді.

ЕСІМДЕР

1 60 жыл бұрын (1854-1915) қазақ халқының тарихын зерттеуші, Орыс георгафиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің және ғылыми мұрағат комиссиясының мүшесі ДОБРОМЫСЛОВ Александр Иванович дүниеге келді.

А.Добромыслов 1888-1901 жылдары аралығында Торғай облысында мал дәрігері болып жұмыс істеп, қазақ ауылдарын аралап, қазақ халқының сан қырлы шаруашылық өмірімен, әдет-ғұрпымен танысты. «Торғай облысындағы халықтың қоныстануы туралы», «Торғай облысындағы мал шаруашылығы», «Торғай облысындағы қырғыздардың XVIII-XIX ғасырлардағы сот құрылысы» және тағы басқа еңбектер жазды. Кейін мұрағат материалдарынан Орынбор өлкесі тарихына қатысты құнды құжаттар жинап, Батыс Қазақстан тарихы жөнінде «Торғай облысы» деп аталатын 3 томдық ғылыми еңбегін жарыққа шығарды. Өмірінің соңғы жылдары Түркістан өңірін, Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеп, «Ташкенттің бұрынғы және қазіргі тарихы». «Сырдария облысының қалалары (Қазалы, Перовск, Түркістан, Әулиеата, Шымкент)» атты еңбектер қалдырды.

11 6 жыл бұрын (1898-1971) жазушы, Соцалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері СОБОЛЕВЛеонид Сергеевич дүниеге келді.

Иркутскіде туған. 1910-1917 жылдары Иркутск гимназиясында, Петербор кадет корпусында, әскери теңіз училищесінде оқыған. 1918-1931 жылдары соғыс-теңіз флотында қызмет еткен. Әскер қатарынан босағаннан кейін Жазушылар одағының Ленинград бөлімшесінде, журнал редакцияларында, Ұлы Отан соғыс жылдарында теңіз флотының саяси бас басқармасында жұмыс істеген, «Правда» газетінде әскери тілші болған. Соғыстан кейін 1958-1970 жылдары Ресей Жазушылар одағы басқармасының басшысы қызметін атқарған. 1932 жылы жарық көрген «Күрделі жөндеу» романында 1-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы оқиғалар, соғыстың шынайы кейпі шебер бейнеленген. «Қызыл тулы Балтық», «Теңіз жаны», «Жасыл шұғыла» романтикалық повесі, «Жеңіс сәулесі» әскери күнделіктер топтамасы, «Басты бағытта», «Уақыт желі», «Достық он жылдықтары», т.б. еңбектері жарық көрген. 1935 жылы Қазақстанға келіп, Риддер металлургтері, қазақ шопандарының тыныс-тіршілігі, Жамбыл шығармашылығы туралы жазылған мақалалары мен очерктерін баспасөзде жариялаған. 1937 жылы Ғ.Тоғжанов, І.Жансүгіровтермен бірге «Қазақстан» атты мерекелік жинақты шығаруға атсалысқан. М.Әуезовтің «Абай» романын (1937-1945 жылдары 1-ші томын А.Никольскаямен бірге) орыс тіліне аударған. Әуезовпен бірге «Қазақ әдебиеті тарихының очерктері», «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты зерттеулерді және «Абай» трагедиясының орыс тіліндегі нұсқасын жазған. 1940, 1945 жылдары Мәскеуде жарық көрген Абай жинақтарына көлемді кіріспенің авторы. Осы жылдары басылып шыққан «Қазақ әдебиеті антологиясының» құрастырушысы әрі редакторы болған. Жазушы Әуезовке «Талант және дәуір», «Абайдың рухани інісі» деген зерттеу еңбектерін арнаған. Ол С.Мұқановтың «Сырдария» романын орыс тіліне тәржімалаған. «Жасыл шұғыла», «Үшінші лек» атты кітаптары қазақ тілінде жарық көрген.

8 3 жыл бұрын (1931) жазушы, қазақ балалар әдебиетіндегі ертегі жанрын дамытуда аянбай тер төгіп жүрген қаламгер, Бородулиха ауданының құрметті азаматы РЫМЖАНОВ Таупық Нәбиұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Семей педагогикалық институтын бітірген. Аягөз, Жаңасемей аудандарындағы орта мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болған. 1976 жылдан Петропавловка селосындағы орта мектепте мұғалім қызметін атқарған.

«Өткелдер» тұңғыш әңгімесі 1965 жылы облыстық «Семей таңы» газетінде жарық көрген.

Таупық Рымжанов аңызға бергісіз оқиғаларды ұшқыр қиялымен жаулай отырып, оқырманға әсерлі әңгімелеудің шебері. Қаламгер көтерген тақырыптар сан алуан, оқиғалары да әр қилы. Ертегі-хикаят жанрын жаңғыртуды басты ұстанымына айналдырған оның тынымсыз ізденісінің арқасында талай құнды шығармалары жарық көрді.

2011 жылғы 30 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында жерлес ұстаз, жазушы Рымжанов Таупықтың «Ертегілер хикаяттары» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.

Жазушының «Жалықпас шежіресі», «Аруг гүн немесе арғын тайпасының тарихы туралы», «Өлместің жұлдызы», «Зәйтүнқарлығаштың ерлігі», тағы да басқа кітаптары бар. Ол Қазақстан Жазушылар Одағының балалар әдебиеті саласында өткізген халықаралық «Дарабоз» байқауының 2008, 2009 жылдары арнайы ынталандыру жүлдесіне ие болды.

7 5 жыл бұрын (1939) ветеринария ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі ИВАНОВ Николай Петрович дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын, Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 1986-1996 жылдары Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2000 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық университетінде кафедра меңгерушісі болып істейді.

Н.Ивановтың негізгі ғылыми еңбектері бруцеллездің эпидемиологиясын және эпизоотологиясын зерттеуге арналған. Ол мал бруцеллезін анықтауда қолданылатын эритроциттік диагностикалық дәрмектер мен антиген ұсынып, осы мал ауруын зерттеумен айналысатын ғылыми мектеп құрды. Ғалым 28 ғылым кандидатын, 3 докторын дайындаған.

Халықаралық Сиба-Гейге (Швейцария) медалімен марапатталған.

5 8 жыл бұрын (1956) ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ЗУБОВ Валерий Николаевич дүниеге келді.

Ресейдің Пермь қаласында туған. Семей педагогикалық институтын және Алматыдағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бтірген. Педагогикалық институтта мұғалім, Ішкі істер министрлігінде қызмет атқарған. Мәскеуде өткен 12-ші әлемдік жастар және студенттер фестиваліне қатысып, Новосібірде өткен поэзия байқауының дипломанты атанған.

Ақынның бірнеше жыр жинағы жарық көрген.

5 7 жыл бұрын (1957) Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор БИСЕНОВ Қылышбай Алдабергенұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келді. 1974 жылы Қызылорда қаласындағы №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірді. Сол жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына қабылданып, осы оқу орнын 1979 жылы үздік дипломмен бітіріп шығады. 1979-1980 жж. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында стажер-зерттеуші. 1980 жылдан бастап Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалында оқытушы, аға оқытушы, факультет деканы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1982-1985 жылдары Мәскеу қаласындағы КСРО Мемлекеттік құрылыс комитетінің Бетон және темірбетон ҒЗИ аспиранты. 1985 жылы КСРО Мемқұрылыс БТҒЗИ-да құрылыс материалдары мен бұйымдары мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1990-1996 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, бірінші проректоры. 1995 жылы Ресей Федерациясы Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында құрылыс технологиясы және ұйымдастыру мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1996-1998 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының ректоры, 1998-2007 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін басқарды. 160-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 монография, 22 өнертапқыштық патент пен куәліктің, 5 оқулықтың авторы. Ол 3 ғылым докторы, 7 ғылым кандидатын дайындады. 1996-2007 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының үш мәрте сайланған депутаты ретінде қоғамдық-саяси қызметпен белсене айналысты. «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы (2006-2007 жж.), «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі. 2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Қызылорда облысынан партиялық тізім бойынша сайланған депутаты. 2011 жылы 12 тамыздан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Құрмет» орденімен, медальдармен, ҚР Ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталған.

5 6 жыл бұрын (1958) Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі МӘДІКЕНОВ Болат Асқарәліұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Еңбек жолын «Алматытұрғынүйқұрылыс» тресінің инженері болып бастаған. 1987-1990 жылдары - Жаңатас қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі. 1991-1997 жылдары - «Мақсат» кооперативі төрағасының орынбасары, «Қаратау» акционерлік қоғамы жағармай материалдары қызметі бастығының орынбасары. 1998-2000 жылдары - Сарысу ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, бас маманы. 2000-2004 жылдары - Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі. 2004-2010 жылдары - Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі. 2010-2013 жылдары - Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы. Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы маусымнан бері.

5 3 жыл бұрын (1961) «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ЖАҢАБЕРГЕНОВ Қайрат Мырзаханұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған.1978 жылы Жамбыл гидромелиорациялық институтын және 1983 жылы Қазақ Халықаралық құқық институтын инженер-гидротехник, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.Еңбек қызметін 1983 жылы Жамбыл облысы Талас ауданының Жданов атындағы совхозында инженер-гидротехник болып бастаған. 1985-1991 жылдары Қазақстан ЛКЖО ОК нұсқаушысы, сектор меңгерушісі болған. 1997 жылдан бастап мемлекеттік қызмет жүйесінде әртүрлі лауазымдық қызметтерді атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет еткен. Сонан соң Атырау облысы әкімінің іс басқарушысы болған, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппаратын басқарған, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі ретінде жұмыс жасаған.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жауапты қызметтерде болған: 2003 жылғы шілде - 2004 жылғы сәуір аралығында Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2004 жылғы сәуір - 2005 жылғы қаңтар аралығында Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі. 2005 жылғы қаңтар - 2008 жылғы сәуір аралығында Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі. 2008 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік орган қызметін қамтамасыз ету департаментінің директоры болған. 2008 жылғы тамыз - 2011 жылғы қараша аралығында Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі. 2011 жылғы қараша - 2012 жылғы ақпан аралығында Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.

2012 жылғы 10 ақпаннан бастап «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

5 1 жыл бұрын (1963) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Солтүстік-Каспий жобасы департаментінің директоры САҒЫНҒАЛИЕВ Мұхтар Бөлекбайұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1985 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-мұнайшы мамандығы бойынша, 1995 жылы АҚШ, Бостон қаласы Саффолкск университетін бітірді.

Аталған қызметінде - 2003 жылдан бастап.

5 1 жыл бұрын (1963) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтік қызметті бақылау комитетінің төрағасы ЕСІМОВ Дәулетхан Серғазыұлы дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. Қарағанды медицина инсчтитутын, Қарағанды экономика университетін бітірген. Мамандығы бойынша Торғай, Ақмола облыстарының Астана қаласының медицитналық мекемелерінде әртүрлі қызметтерде, басшылық жұмыстарда болды. 2005-2009 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медииналық қызметтер көрсету саласына бақылау комитетінің басқарма бастығы, Медициналық қызметтер көрсету саласына бақылау комитеті департаменті директорының орынбасары Медициналық қызметтер көрсету саласына бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2009 жылы - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтік қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2009-2011 жылдары - Аствана қаласы денсаулық сақтау басқвармасының бастығы. 2011-2013 жылдары - Р Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтік қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2013 жылдан бері. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2009) төсбелгісімен марапатталған. .

11 5 жыл бұрын (1899-1961) американдық жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты ХЕМИНГУЭЙ Эрнест Миллер дүниеге келді.

Дәрігер отбасында туған. Жазушының алғашқы кітабы «Біздің дәуірде» деген атпен 1925 жылы жарық көрді. Оның есімін әлемге танытқан «Қош бол, қару» романы болды. Хемингуэй 20 ғасырдың 30-шы жылдары «Бұқа мүйізі», «Фрэнсис Макомбердің қысқа бақыты», «Килиманджаро қары», т.б. туындыларын және қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарды сынға алатын «Бар мен жоқ» романын жазды. Испан дәуірі жазушы шығармашылығының өрлеу кезеңі болды. Бұл тұста оның көптеген очерктері, репортаждары, «Бесінші колонна» пьесасы, «Қоңырау кімге соғылады» романы жарық көрді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі біршама іркілістен кейін ол «Шал мен теңіз», т.б. туындыларымен қайтадан даңқ тұғырына көтерілді.

70 жыл бұрын (1944-2012) гана ғалымы және саясаткер, 2009-2011 жылдардағы Гана Республикасының вице-президенті және президенті Джон Эванс Атта МИЛЛЗ дүниеге келді.

4 7 жыл бұрын (1967-1994) кеңестік және ресейлік журналист ХОЛОДОВ Дмитрий Юрьевич дүниеге келді.