21 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де «QAZAQSTAN» Жеңіл атлетикалық спорт кешенінде II Республикалық Чемпиондар ойыны өтеді.

11.00-де Amanat партиясы орталық аппараты ғимаратында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» бірлестігінің кезектен тыс құрылтайы өтеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Атаулы әлеуметтік көмек» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «IT-Aiel бағдарламасы аясында қазақстандық әйелдерді ІТ-мамандыққа оқыту» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ЦДИАӨМ IT-саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов; Astana Hub басқарушы директоры Алина Әбдірахманова; Astana Hub Білім беру бағдарламалар офисінің директоры Дәулет Беймурзинов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы көрсетіледі.

16.00-де Әділет министрлігінде Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен Заң жобалау мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның 627-отырысы өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.

19.00-де «Астана опера» театрында «Астана операдағы» музыкалық каникул» концерті өтеді.

20.00-де Жастар театрында Алматыдан гастрольмен келген «ŞAM» театры «№37» драмасын қояды.