21 шілде. Тұлғалар туған күн

Фото: Kazinform

Бүгін, 21 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

64 жыл бұрын (1960) Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Ирина Владимировна СМИРНОВА дүниеге келді. Қырғыз КСР Ыстыққөл облысында туған.

1977-1983 жылдары Абай атындағы Қазақпедагогикалық институтын бітірген, мамандығы - «орта мектептің биология пәні мұғалімі». 1979-1983 жылдары Жамбыл облысындағы №22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі. 1983-1984 жылдары СССР АШМ ҒЗИ лаборанты. 1984-1991 жылдары Жамбыл облысы №22 орта мектебініңбиология пәні мұғалімі, сыныптан тыс жәнештаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы. 1991-1993 жылдары Көкшетау облысы Рузаевка ауылындаРузаев орта мектебінде сыныптан тыс жәнештаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы, директордыңоқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, Рузаеворта мектебінің директоры. 1993 жылы Алматы қаласындағы №91 орта мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 1996-2006 жылдары Алматы қаласындағы № 68 орта мектепдиректоры. 2010-2011 жылдары Алматыдағы № 9 оқушылар үйінің директоры. 2011-2016 жылдарыАлматы қаласындағы №48 мектеп-лицейініңдиректоры. 2016-2021 жылдары Қазақстан  Республикасы Парламент Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. Член депутатской группы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшесі(2022-2023). 

Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурызынанатқарып келеді. «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен, «Медеу ауданын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетіне 80 жыл» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталған. 

63 жыл бұрын (1961) «Қарағанды техникалықуниверситеті» коммерциялық емес акционерлікқоғамының басқарма төрағасы – ректоры Марат Кеңесұлы ИБАТОВ дүниеге келді. Қарағанды қаласында туған.

1978 жылы Қарағанды политехникалық институтына (ҚарПТИ) түсіп, Мәскеу автомобиль жолдары институтына (МАЖИ) ауысқан, 1983 жылы Мәскеу автомобил жолдары институтын «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолы: Қарағанды политехникалықинститутының аға инженері, кіші ғылыми қызметкері, стажер-зерттеушісі (1983-1987). Мәскеу автомобиль жолдары институтыныңаспиранты (1987-1990). Қарағанды политехникалық институтының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, Қарағанды политехникалық институтының оқытушылары және студенттерініңкәсіподақ ұйымының төрағасы (1991-1997). Көлік-жол факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректор, кафедра меңгерушісі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры (1997-2012). Қарағанды мемлекеттік-индустриялық университетінің ректоры (2012-2016). Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры (2016-2020). Қазіргі қызметін 2020 жылдан бастап атқарып келеді. 

61 жыл бұрын (1963) «Қазақстан медицина ұйымдарының альянсы» республикалық қоғамдықбірлестігінің басқарма төрағасы ДәулетханСерғазыұлы ЕСІМОВ дүниеге келді. Көкшетау облысында туған.

Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын(1985) және Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін (2001) тәмамдаған. Еңбек жолы: Торғай облыстық ауруханасында интерн дәрігер (1985-1986); Торғай облыстық стоматологиялық емханасында тіс дәрігері (1986-1988); Арқалық қаласындағы орталық қалалық ауруханада хирург (1988-1990); Арқалық қаласының біріккен ауруханасында хирург (1990-1994); Ақмола медициналық университетінде ассистент (1995); Ақмола облыстық ауруханасында дәрігер (1995-1996); ММСҚ Ақмола облыстық бөлімі директорының орынбасары, директорының міндетін орындаушы (1997-1999); Республикалық клиникалық аурухана бөлімінің меңгерушісі (2000-2001); «Шын-Зар» стоматологиялық емханасында дәрігер (2001-2003); РМҚК «Медициналық қызметтің сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығының» Астана қаласы бойынша филиалы бөлімінің басшысы (2003-2005); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласындақадағалау комитеті басқармасының басшысы (2005-2007); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті директорының орынбасары (2007-2009); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (06.2009-11.2009); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (11.2009-12.2009); Астана қаласыДенсаулық сақтау басқармасының басшысы (2009-2011); ҚР ДСМ Медициналық жәнефармацевтикалық қызметті қадағалау комитетітөрағасының орынбасары (2011-2013); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметтіқадағалау комитеті төрағасы (2013); ҚР Денсаулықсақтау және әлеуметтік даму министрлігінің«Республикалық денсаулықты сақтауды дамытуорталығы» бас директорының орынбасары (2014-2016). Ұлттық денсаулық сақтау палатасыныңтөрағасы (2016-2018). 2018 жылдан бастап қазіргі қызметінде.