Спорт күнінде қала тұрғындары мен қала қонақтары арасында спорттық жарыстар мен түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылатын болады. Сайыстар келесі спорт түрлері бойынша өтпек: шағын-футбол, волейбол, қол күрес, арқан тарту, гір спорты, асық-ату, бұқа тартыс, тымақ ұру, т.б. Сонымен қатар балаларға арналған ойын түрлері де қарастырылған: «Робин Гуд», «Президент», «Сағат».
Мерекелік бағдарлама аясында Қазақстанның ат үйретуден чемпиондары Ирина Сверчкова мен Нияз Исламовтың, Олимпиадалық даярлау орталығы мен команданы қолдау тобы өнер көрсететін болады.
Сонымен қатар, бұл күнді қаламыздың өнер және спорт жұлдыздары бірге атап өтеді.
Бұл спорттық іс-шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1 000 жылдығына орай өтізіледі.