Оны ұйымдастырушы Наталья Чорбаның айтуынша, байқауға 16 жастан асқан қыздар қатыстырылған. Кастингте 40 адам бақ таластырған.
Қыздар сынының қорытындысында «Петропавл аруы-2015» байқауының тәжін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 4 курс студенті 21 жасар Алина Хлевова иеленді. Жеңімпаз бойжеткен республикалық байқауда өңір намысын қорғайтын болады.
«Бұл байқауда жеңіске жеткенімен аса қуаныштымын. Енді өзіме артылған үмітті ақтауға, республикалық байқауға тыңғылықты дайындалуға тырысамын. Мен бимен айналысамын, белсенді өмір салтын ұстанамын», - дейді Алина шаттанған сезімін жасыра алмай. Байқау қатысушыларының барлығы көптеген демеушілер тарапынан сыйлықтармен марапатталды, ал жеңімпазға 100 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.