29 тамыз күні Мәскеуде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Онда бірқатар отандық боксшылар өнер көрсетеді.
Бірінші орта салмақтағы боксшы Ғалым Шағатай титул үшін жергілікті спортшымен жұдырықтасады.
Ғалым Шағатай осы күнге дейін кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, үш қарсыласын да нокаутпен жеңген. Қазақстан өкілі Тukeshov boxing промоутерлік компаниясының атынан шығады.
Айта кетейік, біз осыған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Ғалым Шағатайдың 24 шілдеде Мәскеуде ресейлік Дмитрий Рахмановты 74 секундта нокаутқа жібергенін жазған болатынбыз.