21 желтқсанда ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы тағайындалады

АНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 21 желтоқсанда Индустрияландыру картасы бойынша 80 жоба Елбасының қарауына ұсынылады. Бұл туралы бүгін режимдегі Үкіметтің селекторлық отырысында Индустрияландыру және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

«21 желтоқсанда Елбасының қатысуымен Индустрияландыру картасы аясында 80 жоба таныстырылады. Сондай-ақ, осы күні «Қазақстан» концерт залында «Алтын сапа» аталымы бойынша Қазақстанның үздік тауары Президенттің арнайы сыйлығы және әлеуметтік жауапкершілік бойынша «Парыз» сыйлығын тағайындау шаралары өтеді»,-деп атап өтті А. Рау.

Айта кетейік, биылғы екінші жарты жылдықта Индустрияландыру картасы аясында 400 млрд. теңгеден астам қаржыға 80 жоба іске қосылады. Осы арқылы 11,5 мың тұрақты жұмыс орындары құрылады. Жалпы алғанда биылғы жылы 805 млрд. теңгенің 152 жобасы жүзеге асырылады. Осы арқылы елімізде жалпы 24 мың жұмыс орны құрылды.