21 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 21 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Kazinform

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы болады.

10.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде Қазақстан-Пәкістан бизнес форумы өтеді.

11.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде «Respublica» партиясының Төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров пен «Шопан-ата» Ұлттық Агроқозғалысының жетекшісі Алмасбек Садырбайдың бастамасымен әр аймақтан келген шаруалармен кездесу өтеді.

11.00-де QAZPATЕNT ғимаратында ҚР Әділет министрлігінің БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Алматы қаласының әкімі Досаев Ерболат Асқарбекұлы. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.30-да Ramada by Wyndham Garden қонақ үйінде «Мемлекеттік қызметшілердің цифрлық үкімет шеңберінде заңдардың орындалуын парламенттік бақылаудың нысандары мен əдістерін конституциялық реформалау жəне оңтайландыру» тақырыбында конференция өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мерекелік іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

16.30-да Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Алтын тұғыр» ұлттық спорт жүлдесін табыс етудің 10 жылдығына арналған салтанатты шара өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қызыл алма» лирикалық комедиясы өтеді.

19.00-де «Астана балет» театрында «Джулия» мюзиклі қойылады.

19.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Тағдыр сыйы» спектаклі сахналанады.